Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус не істетпеді?

Коронавирус не істетпеді?

Мойындау керекпіз. Коронавирус туралы алғаш естігенде ешкім сенген жоқ. Тіпті, оны саяси ойын дегендер де болды. «Тек Қытай елінде таралған ауру, бізге келе қоймасы анық» деп қарапайым тұрғындар мән бермеді. Соның нәтижесінде ахуал күрделене түсті. Дүниені дүр сілкіндірген қауіпті індет – короновирус Қытай халқынан бөлек, өзге елдер арасында да кеңінен тарай бастады. Көптеген мемлекет өз шекарасын жауып, одан қорғанудың амалын қарастыра бастады. Әлемтор арқылы әлемді жайлағанын естіген қарапайым тұрғындар енді сақтанудың амалдарын қарастырды. Алғашқы да емі жоқ дегенмен, бүгінде індетті жеңіп, жазылып шыққандар бар. Сонымен халық қалай қорғанды?

Дұға оқып, ем салдырды
 Әуелі Аллаға сыйынатымыз ақиқат. Ең бірінші коронавирустан құтқаратын дұға оқи бастады. Әлеуметтік желіде, ватсап арқылы түрлі дұғалар келе бастады. Тіпті басылым беттерінен Алматы қаласының  қарапайым тұрғындары бұл індеттен сақтану үшін дем салғызып әлек болғанын оқыдық. «Құран сүрелерін оқып, дем салғызса, әлем жайлаған дерт өзіне жұқпайды, жоламайды» деген сеніммен мешітке ағылғандар да кездесті. Расында, қандай қиындық болса да Алладан сұрайтынымыз анық, алайда бұл індет кезінде ғана дұға тілеу қаншалықты маңызды? Тек дұға тілеп отыра беру жеткіліксіз. Одан сақтану үшін қандай әрекет жасаған дұрыс? Бұл сұрақ көпшілікті қызықтырды. Тіптен естіген амалдарды жасауға қарапайым халық ұмтылды. Қайтпек керек, «сақтықта қорлық жоқ» деген.

Сарымсақ пен пияз же
Ең алдымен, көзіміз көрген сәттерді айта кетсек. Бірінші сарымсақ пен пияз жеу керек деген ақпарат желдей есті. Сарымсақтың бағасы күрт өсті. Базарда азық-түлік алғанда сарымсақты тұтынушылар саны арта түсті. Оны байқаған жұрт сарымсақ жеуді әдетке айналдырды. Дегенмен, мың бір аурудың емі, вирусты өлтіретін өсімдік деп бағалайтын сарымсақтың әлемді жайлаған індеттен құтқаратын қасиеті бар ма? Осы сұрақ көпшілікті ойландырды. Оның жауабын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің ресми парақшасында жазды. Олар мәлімдегендей, оның коронавирустан сақтайтын қасиеті жоқ екен. – Сарымсақ – микробтарды өлтіретін қасиетке ие. Алайда сарымсақтың коронавирус індетінен қорғай алатыны жөнінде қазір еш дерек жоқ, – деп жазады ұйым.
Ал пиязды аршып, екіге бөліп терезенің алдына қойып, вирустан сақтанудың негізгі амалдарын жасады. Сарымсақ пен пияздың иммунитетті көтеретіні рас. Қазақы әдетімізге салынып, сол үшінде оларды тұтынуды жөн көрген болармыз.

Құйрық жеген озар
Келесі тәсіл жұртты тіптен қызықтырды. Қойдың құйрық майы мен сорпасын ішкендер бұл індетке төтеп бере алады-мыс. Сонымен, осы тәсілді қолданғандар бар ма? Әрине, кездесті. Біз де вирустан қорғанудың осы жолын зерттеп көрдік. «Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» дегендей, елімізге осы індетке шалдыққандар арасында қойдың еті мен сорпасын ішкендер жазылып шықты, – деген ақпарат желдей есті. Алайда, бұл ақпарат әлі толық зерттелмеген.

Адыраспан түтетіп әлек
Сақтық шарасының тағы бір түрі – адыраспан түтету болды. Басқа тәсілдерді жасамағанмен, өзім адыраспан түтеткенді жөн санадым. Қалай десекте, аталмыш өсімдіктің түрлі бәле-жаладан, тіл көзден сақтайды деп бұрыннан тұтынамз ғой. Сонымен адыраспан алуға базарға жолым түсті. Бұрындары бір бумасын 200-250 теңгеден алып жүрген болсақ, бүгінде бағасы шарықтап кетіпті. Оның бір бумасы 450-500 теңге болған. Демек, адыраспан түтетуге кіріскендер көп. Базардағы бағасы сұранысқа қарай арта түскен. Оның себебін сатушыдан сұрап едім: – Ол микробтарды жоятын қасиетке ие. Содан да болар, тұмауратқан кезде онымен үйді түтетеміз. Бірақ қарапайым халық оны енді коронавирустан қорғаныш ретінде ала бастады. Соған орай, бағасы өсуде, – деп жауап берді сатушы. Ал, бірақ шынында адыраспанның вирусты жоятын қасиеті бар ма? Ол жағы белгісіз.

Қолды жуған абзал
Вирустан қорғанудың ең дұрыс жолы – гигиена деп жазды ғалымдар. Бұл тұрғыда «кір сабынмен қолды жуу – вирустан сақтайды» деп айтыла бастады. Қолды жиі жуу қажеттігі, тазалық – коронавирустың алдын алатын бірден бір амал екені жазылды ақпарат көздерінде. Антисептикті қалтаға салып жүрдік.

Зімбір іздеп жүр
Сарымсақ пен пияздан нәтиже шықпады. Ауру бүгінде үдей түсті. Қарапайым халық бүгінде имбирь іздеп жүр. Себебі, әлемтор беттерінен Жапония ғалымдары коронавирусқа қарсы көмекке келетін өсімдіктерді атады. Алғашқы тізімде зімбір (имбирь) тұр. Олар зімзірдің құрымында бактерияға қарсы күресетін табиғи қасиет бар екенін анықтаған. Оның құрамында В, А дәрумендерінің, калиций мен йодтың мөлшері көп деп жазған зеттеушілер. Қандай ақпарат көздерін ашсақ та зімбірдің пайдасы жөнінде ақпарат кеңінен тарады. Осыған орай, тағы да сұраныс артты. Оның бағасы шарықтай түсті. Бұрындары қолданбаған, тіпті қолдануды білмейтін қарапайым халықта зімбір іздеп әлекке түсіп жүр. Ал, оның шын мәнінде әлемді жайлаған індеттен сақтайтын қасиеті бар ма? Ол жағы әзірге белгісіз...

Ең дұрысы – үйде отырыңыз
Иә, естіген адамға күлкілі. Алайда жоғарыдағы амалдардың барлығын жасадық. Олар қауіптен құтқармаса да, алдын алғымыз келді. Амал қанша, бүгінде аты жаман індет еліміздің барлық аймағына жетті. Қысқа уақыт ішінде оны жұқтырғандар саны арта түсуде. Осы кезге дейін бейқам келген қарапайым жұрт енді ғана сенгендей. Қазіргі таңда бүкіл ел болып сақтық шаралары күшейтілді. Ал, қазақылыққа салынған жұрттың әуресі әзірге сақтану жолы бола алмай тұр. Дәл қазіргі сақтану шарасы – үйден шықпау. Себебі, адам көп жерде вирус үдей түседі екен. Сондықтан бүкіл қала карантинге жабылды. Тазалау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде. Осы орайда, қандай сақтық шарасын жасасақ та үйден шықпаған дұрыс. Қатаң тәртіпке бағыну қажет. Өз өміріңіз бен жақындарыңызды ойласаңыз – үйде отырыңыз. Біз бірге болғанда ғана бәрін жеңеміз...
Айтолқын АЙТЖАНОВА
15 сәуір 2020 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам