Қашықтағы ғашықтық
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында қызмет атқарып жүріп танысып, табысқан біршама жұптар бар. Бүгін ғашықтар күніне орай біз сіздерге ерлі-зайыптылар Бақытжан мен Әйгерімді таныстыратын боламыз.
Бүгінгі кейіпкерлеріміз қызметте жүріп танысып, ғашықтар күні табысқан жандар. Бақытжан мен Әйгерім қаламыздағы #2 және #1 Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайды. Осыдан 2 жыл бұрын жұмыс барысында танысқан жұптарға бүгінде отау құрғандарына тура 1 жыл толып отыр. Жас отбасы дәм-тұздары жарасып, жас-жұбайлар атанғалы бері қарашаңырақтың отын сөндірмей отыр.
Ерлі-зайыптылар төтенше жағдай жарияланғанға дейін өз жұмыстарын орталықта отырып істеген. Қазір қашықтықтан жұмыс істеу тәртібі бойынша Бақытжан бейне қоңырау арқылы күніне 150-ге жуық адамды мобильді азаматтар базасына тіркейді. Ал, Әйгерім 1414 байланыс орталығына түскен қоңырауларға жауап беріп, күніне 200-ден астам тұрғындарға кеңес береді. Сонымен қоса, жас келін ретінде үйдің де шаруасын атқарып отыр. Бақытжан мен Әйгерімнің айтуынша соңғы уақытта кеңес сұрап, хабарласатындардың саны артқан дейді. Көбісін мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен ЭЦҚ алу секілді мәселелер бойынша мазалайды.
Жарасымды жанұя қоңырау шалған тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, бір-бірін бүгінгі мерекемен құттықтауды да ұмытқан жоқ. Қос ғашық болашақтарының баянды болатынына сенеді.
Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалының атынан Сіздерді осы мерекемен құттықтаймыз және мөлдір махаббат тілейміз!