Коммуналдық қызметтердің тарифі төмендетілді

Өз сөзінде сала басшысы:
- Электрмен жабдықтау қызметіне 15,9 теңгеден 14,46 теңгеге немесе 9,1 пайызға;
- Жылумен жабдықтау қызметтеріне (есептеу құралдарымен) 1 Гкал-ға 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін; (есептеу құралдарынсыз) 1 шаршы метр үшін 96,76 теңгеден 87,07 теңгеге немесе 10 пайызға;
- Сумен жабдықтау қызметтеріне 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге немесе 10,6 пайызға;
- Су бұру қызметіне 48,82 теңгеден 43 теңгеге дейін 12 пайызға төмендегенін айтты.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қордаланған қарыздарына қарамастан қызмет көрсетуді тоқтатпайды. Және де, мерзімін өткізіп алған төлемдер үшін өсімпұлды есептемейді.
«Тұтынушыларға қолайсыздық тудырмау үшін төлемдер мен ұсынылатын қызмет онлайн режимде жұмыс жасауда. Яғни, терминал, мобилдік қосымшалар арқылы төлем жасауға және epd.kz сайт арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар, «Энергосервис» мобильдік қосымшасымен әр абонент өз қарызын көріп, ары қарай сілтемелер арқылы электронды түрде төлем жасауға болады»,-деді сала басшысы.
Құрметті облыс тұрғындары! Егер сұрақтарыңыз болса, 40-09-79 Call орталығына хабарласуларыңызға болады.