Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көшпелі сауданың көмегі көп

Көшпелі сауданың көмегі көп

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі аймақта тәртіп күшейді. Шаһар маңына 5 блок-бекет қойылып, кіріс-шығыс көлік қатынасы мен тұрғындардың себепсіз жүруі шектелді. Салдарынан қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округ тұрғындарының облыс орталығына қатынауы қиындай түскен еді. Ішер ас пен қажетті өнімді алуға қалаға сабылатын халық үшін, карантин кезінде кедергі айтарлықтай мәселеге айналды. Осы орайда, қаладағы ірі сауда орындары елді мекендерді аралап, тұрғындарға қолжетімді азық-түлік өнімімен қамтамасыз етуді қолға алуда. Бейсенбіде кезекті көшпелі сауда керуені  Ж.Махамбетов ауылында жалғасты.
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға «Мирас» сауда үйі мен «Анвар» ЖШС демеушілік жасап, арнайы жүк көлігімен қала төңірегінде орналасқан «Эдельвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник» саяжайларына азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттарды жеткізді. Жалпы көлемі 3,5 тоннаны құрайтын күнделікті тұтынатын өнімдер нарық құнынан төмен бағада саудаланды. Сұранысқа сәйкес, картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы секілді азық-түлік өнімдерімен қатар, сабын, ұнтақ, сіріңке, фейри секілді тұрмыстық заттар да сатылымға шығырылды.
Ауыл тұрғындары болса, мұндай айтулы көмекке алғаусыз алғысын білдіріп, есік алдына келген өнімінен молынан алуға асықты.
–Бізге күнде қала орталығына қатынау оңайға соқпайды. Оның үстіне блок-бекеттен өту де қиындық тудыруда. Сондықтан азық-түлікті күнара жеткізіп отырса, халыққа мұнан артық көмек болмас еді. Осылай есік алдынан керек-жарағымызды түгендеп, үйде болу бәрімізге тиімді, – деді ауыл тұрғыны Айнагүл Оразымбетова.
Көшпелі саудадағы халық көңілінен шыққан тағы бір ерекшелік – өнімдердің нарық құнынан 10 процентке арзан болуы. Мәселен, күнбағыс майы – 367, тауық еті – 760, сабын өнімі – 67, макарон өнімі – 394 теңгеден саудаланса, картоп – 140, пияз – 120 теңгеден сатылды. Бұл да болса, әлемді шарпыған індеттен табыс көзінен қағылған ағайын үшін үлкен көмек көзіне айналды.
Бұған қоса, сауда керуеніне ілесе келген «Еврофарм» ЖШС де тұрғындарға жылжымалы дәріхана қызметін ұсынды. Алғашқы медициналық дәрі-дәрмектер, қорғаныс құралдары секілді таптырмайтын өнім түрлерін саудаға шығарды.
–Қазіргі таңда тұрғындарға қажетті, әрі маңызды деген тауар түрлері әкелінді. Оның ішінде азық-түліктен өзге, тұрмыстық, химиялық тауарлар мен дәрі-дәрмек бар. Осындай көшпелі сауданы қала маңындағы саяжайларға күнара өткізу жоспарлануда. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы туындамайды. Ол үшін шараға атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз. Біз үшін тұрғындардың төтенше жағдай режимін қатаң ұстанғаны және үйде болғаны маңызды, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов.
Айта кетейік, бұған дейін 12, 15 сәуір күндері «Мирас» сауда үйінің тарапынан үйге бірінші кезектегі азық-түлік саудасы жүргізілген еді. Ендігі кезекте аталған бастамаға өзге де сауда нысандарын тарту көзделуде. Алдағы  уақытта қала маңындағы саяжайлар мен ауылдарда көшпелі сауда жүйелі өткізілетін болады.
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
18 сәуір 2020 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам