Қабір басындағы қалың ой
Қаладан шыққан қара жолдың сол жақ бетінде Белкөл бейіті жатыр. Алыстан күмбезі келісті қалашық секілді менмұндалағанмен марқұмдар мекеніне мұңдана қарайсың. Суық сезім сумаңдап денеңді кеулеп барады. Одан арылғың келеді, амалсыз ары-бері өткен жолаушы секілді бет сипап өтесің. Себебі әруақтан қорқамыз.
Білуімше, жол бойында әруақтар дұға тілеп отырады дейді. Ол да мүмкін. Әруақ туралы ресейлік кәсіпқой операторлар көне зиратқа түнгі камера орналастырып, түсіріп көрген. Оның нәтижесінде әруақтардың көрден көтеріліп, бір-бірімен араластығы кадрға ілікті. Демек, ультра сәуле әрбір қимылды обьективтен қалт жібермейді. Ал, біз көз көрмеген соң оған сенбейміз, жәй ғана сөз деп ұғамыз.
Ұлт даналығында сананы селт еткізер бір сөз бар: «Жаназаңды байқайын, кім болғаныңды айтайын» деген. Шынында кестелі сөзде келелі ой жатыр. Тірісінде кім болды, қалай болды, жақсылығы қандай, жамандығы не еді деген елдің көзқарасы жаназадан-ақ аңғарылады. Әрине, өлген адамның артынан өсек айтылмайды. Тіпті жаназада «жақсы адам» деп қаралы қауым құптап, қадірлі кісісін қастерлеп шығарады. Марқұмның соңғы сапарына ел осындай қимастық көңілмен қарайды.
Өзге ұлттарда «ата-аналар күні» деген белгіленген дата бар. Сол күні барлық шаруасын ысырып, жақынының зиратын тазалап, гүл егеді, ағаш отырғызады, еске алады. Арнайы орындық жасап, тіпті сырласады, ішкі ойымен бөліседі. Бізде ше? Түсіне кірсе немесе қатты қиналғанда ғана ата-анасын іздеп, зиратқа баруы мүмкін. Ал, уақыт бөліп, бейітін тазалау, гүл егу деген атымен жоқ Бәлкім, бірен-саран кісі орындауы мүмкін. Ашығы аз. Біз өліктен қорқамыз немесе баруға уақыт жоқ. Әйтеуір ұмыт қалдырамыз. Ауылдық жерде иман, молда ұйымдастырмаса ол да жоқ. Жалпы «Өлі риза болмай тірі байымайды» дегеннің мағынасы тек ас берумен шектелмейді, тірінің міндетіне қабіріне құрметпен қарап, тазалап, қоршауын сырлап, ілтипат жасау да жатады. Осыны ұмытпаған жөн. Үлкен сауап осында.
Белкөлдегі мұсылманның орталық бейітіне кештетіп бардық. Кешқұрым мезгіл болғасын ба, ымырт, табиғат ұйыған қалыбына тұспа-тұс келді. Мүлгіген тыныштық құшағында тұрмыз. Қабірлерді жағалап жүрдік. Кейбір таныс есімдерді кездестіріп, аялдап қаламыз. Аз-кем оның өткенін ойға түсіріп, жамбасынан бір аунатқың келеді. Алға озған сайын кезекті құлпытасқа қарайсың да тағы бірін тани түсіп, кеше ғана бірге жүргеннің бүгін мұнда мәңгілік мекенде жатқанына таңырқайсың. Қысқа ғұмыр, алдамшы өмір дегенің осы шығар. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Есік пен төрдей өлшем ғана.
Бәрі қатар жатыр. Біз қабір алдына жайғасып, дұға оқыдық. Бүкіл зират, тыныштыққа беріліп, мүлги қалды. Кім біледі, туған-туыстары ат ізін салмай, сағындыртып жүргендер үшін осының өзі дем берген болар. Міне, тіріге міндет осылай атқарылады.
Ашығын айтқанда, кештетіп зиратқа кірсең денең дір етеді. Әлдебір салқын сезім жүдеу жүзді желпіп өткендей көңілді мұң басып, еңсеңді езіп жібереді. Жаныңда белгісіз жан жүргендей әсер әурелейді. Көзге төрт құлақ қоршауға сүйенген көмескі бір-бір кісі елестейді. Қорқыныш билеп, қамығып қаласың. Бірақ бүлік шығарып, бүйірден тиіп жатқан бірі жоқ. Тек сенен әлдене дәметкендей сыңай танытатын секілді көрінеді. Өлі жандар деп өзектесек те, нағыз рахат өмір бәлкім, сонда шығар. Өйткені мәңгілік мекен сонда емес пе?
Қызық. Жер бетіне сыймаған адам қара жер қойнына қалай сыйып жатыр екен. Олар ақша қуып, айқай шығарып, бәсекеге түсіп, байбалам салмайды. Сондықтан ортада үйлескен тағдыр бар.
Рас, тірі адамға аманаттап, дұға оқуды, еске алуды жүктеген. Ғалымдар бейсенбі күні таң сазында дұға оқып, қимас адамыңның қабіріне барсаң оның сұлбасын көре алатыныңды айтады. Бұл туралы филиология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы маған тәмпіштеп айтып бергені есімде. Бұл қаншалықты шындық, оны бастан өткерген жоқпыз.
Қалың ой қаумалайды. Төңіректі кезген әруақты көз көрмесе де жүрек шіркін бәрін сезеді. Арадағы тулаған толқын арамызды аралайды. Екі дүние арасындағы осы қатынас үзілмес үміттерді жалғайтын сияқты.
Зиратта жас та, кәрі де, әйел де, еркек те жатыр. Біреудің ажалы оттан, біреудің қазасы қарттықтан келді. Жарық дүниеге сыймай, қабірді қош көрген қаншама тағдыр да осында. Бейкүнә сәби де ұшырасты. Ол байғүс жарық дүниенің дидарын сезінбеді де ғой. Жаным құлазып қоя берді. Аянышты. Санаға қай-қайдағы мысал түседі.
Пәниде бір-бірін түсініспеген талай оқиға өтіп жатыр. Араздасқан ағайын ат құйрығын шорт кесіп, бірінің есігін бірі ашпай, алыстан араласқаны қай қазақтың қанында бар еді? Доспын деген дара кісінің көңілі қалса табанда теріс айналып, сыртыңнан «сатып кететін» сатқындығы сүйекке таңба емес пе еді. Баласының бесіктен белі шықпай жатып, қымбат көліктің кілтін ұстата салатын салғырт ата-ана қаншама. Көңілі алып-ұшқан албырт жастар сол көлікті басқара алмай қаншама отбасын қайғыға қамады. Сөйте тұра баланы қорғаштауға тырысамыз.
Жауыздық, алауыздық, атыс-шабыс секілді шытырман оқиғаны кинодан көретінбіз, бүгінгі болмыста бұл да бар. Оны сенсация санап, әлеуметтік желіде таратып жүргеніміз «жүрексіз» адамдардың жұмысы. Осы өтірік пе? Басқасын былай қойғанда, оқушыға «сабақ оқы» деген мұғалім де кінәлі, сырқаты сыздаған науқастың дәрігерге өкпесі қара қазан, әйтеуір көңіліміз толмайтын көрініс көп. Ал, енді өз-өзімізге есеп беріп көрдік пе, «мен кіммін, кінәм не?» деп.
Арманды да, атақты да ақшамен өлшеген өмір-ай, ар-намысты аяқасты еткен азғындыққа ішің удай ашиды. Соны сабақтап, силикат кірпіш қоршауына сүйеніп, бір марқұммен сырласқандай болдым. Ойымды айттым. Мақұл дегендей марқұм үнсіз жатыр. Жер асты патшалығында артық дүние қажет емес, жеткілікті. Мына өмірдегідей бет жыртысып, арызданып, бір-бірін балағаттап жатқан бірі жоқ.
Төле би де тауып айтқан: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деген екен.
Шындығы сол, ескі көз есті кісілердің бір-бірімен сыйластығына қайран қаламын. Жүз шайысып тұрғанын көрмеппіз. Сөзге тоқтайтын еді, адами қалыптан аттамайтын. Әлдебір ауыр жағдай болса бәрі жабылып жәрдем беріп, қиындықтан суырып шығаруға мүдделі болатын. Ел болып болысудың борышы мықты қалыптасты. Осындай ортақ істің басында ел марқасқалары тұрды.
Тілекті ұзақ ғұмырмен жалғайтын ақ ниетіміз жақсылыққа жолдау болғанымен, біреудің өмірін өлшеп беретіндей шамасы жоқ. Өйткені әркімнің өзіне лайықты тататын дәм-тұзы бар. Демек, өлім біреуге ерте, біреуге кеш. Сонда да болса шүкіршілікке мінәжат етіп, өткінші жаңбырдай өте шыққан баянсыз уақыттың жетегінде желдей есеміз. Расын айтсақ, мәңгілік деген құр атау ғой. Тозығы жетсе темір де тұғырынан таяды. Ендеше адамды қара жер өсірді ме, қара жер алады. Тәніміздің тұрақты мекені сол жақ екенін ескерген ескінің есті кісілері: «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боласыз» деген қасиетті сөзді бекер айтпаса керек.
Әруақты ақ жуып, арулап қою әр халықта бар. Тіпті көп жасаған көнекөздің жаназасын кәдімгі той кәдесіндей өткізеді. Кейде байлық бағып, бәсекеге түскендей бірінен-бірі асыратын дүние шашуы да кездеседі. Мұны кейбіреу пейілі кең деп бағаласа, біреу ысырабы үшін қынжылады. Әрине әркімнің қалауы өзінде.
Қабір басындағы қалың ой рухты да қозғап тұр. Қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков шешесінің басына қойған құлпытасқа «Армандап кеткен анасына – армандап қалған баласынан» деп жазған екен. Осындай бір ауыз сөзді жалынды журналист Сағитжан Бермағамбетовке мен де арнаған едім:
Тағдырға налып күні-түн,
Тапсырдым Алла -әмірге...
Үзіліп түскен үмітім
Үздіге келдім қабірге...
Адамды әкелетін өмір де, әкететін өлім де бір сәттік. Өйткені өмір – самал, ажал – амал. Жиреншенің айтқаны бар: «Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей, шешесі өлген – ағар бұлағы суалғанмен бірдей, ағасы өлген – оң қанаты қайырылғанмен бірдей, інісі өлген – сол қанаты қайырылғанмен бірдей, апа-қарындасы өлген – өрісі тарылғанмен бірдей» деп. Махамбетше айтсақ, өлім - хақтың пәрмені.
Біз осыны жадымызда ұстайық, бұл тәкаппар дүние ешкімді алып қалмайды, бәрінің де кезегі келеді. Ал бүгін ата-ана, бауыр жатқан зиратқа баруды, тазалауды ұмытпай, сауап іс жасаңыз деймін.

Қ.Құрбан