Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алдағы күнге сенім зор

Алдағы күнге сенім зор

Халықтың болашаққа деген сенімі зор. Дәл қазіргі ел басына қиын шақ  туған сәтте мемлекет халықпен бірге екендігін  білдірді. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған мәлімдемесі көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Қарапайым халықты жігерлендіре түсті.
Президент төтенше жағдай кезеңінде азаматтарымызға қолдау көрсетуге арналған шаралардың екі топтамасын жария етті. Бүгінгі таңда сол шаралар барынша жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілген. Ал 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылған. Сонымен қатар, алдағы уақытта 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Осы шаралардың барлығы қарапайым халықты қолдау үшін жасалып жатқаны белгілі. Яғни, қазіргі таңда азаматтарымыздың денсаулығы маңызды. Басты міндет – халықтың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. Сондықтан түсіністік танытып, қабылданған шараларға бағынуға тиістіміз. Біз бірге болғанда ғана бәрін жеңеміз. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі дәлел.
Сайлаубай ӘБІШОВ,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
28 сәуір 2020 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам