Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақ қырғауылды көрген бар

Ақ қырғауылды көрген бар

Әрбір тіршілік иесінің өзі пірі, өз киесі болады дегенге сенеміз бе? Ол кімге көрінеді? Бұл тұрғыда аңшыларымен аз әңгімелеспедік. Әркім өз білгенін ортаға салады. Әсіресе, ірі аңдар туралы көп тоқталады. Мәселен, ақсақ құлан солардың бірі ғана.
Бұрынғы кісілер топ бастаған тырнаны нысанаға алма деуші еді. Кейбіреу мұны жай сөз деп те айтады. Дегенмен, әрнәрсеге бір нәрсе түрткі болатыны белгілі. Ендеше бұл тегін болмағаны.
Жуырда Шиелі ауданына жол түсіп, Таштоп жағына сапарладық. Ертеректе ел отырған бұл өңір қазір қалың құм, ну тоғайға айналған. Соңғы уақытта аң-құстың өскенін байқадық. Өйткені қырғауыл жиі ұшырасады. Жылқышы ауылында Нұрпапа Оралбаев ғана қалыпты. Ескі қоныстың жалғыз тұрғыны бұл маңайды бес саусақтай біледі. Ол әңгімелесе отырып,  қырғауыл жөнінен қызықты ой келтірді.
– Сен ақ қырғауыл туралы естігенің бар ма?
– ?..
– Мен көрдім. Аша деген жерде жолақ-жолақ түсті түріне кездесіп, аңтарылып қалғанмын. Есіме, Жайсаңбай аңшының айтқаны түсіп кетті. Шоқалақтап ұшса да ол тегін емес. Себебі шоқалақтап ұшатыны "құдай мені сақта" дейтін көрінеді. Дәл осындай кездесу айтулы аңшы Кенжебек Отызбаевтың басынан өткен. Сол кісі ақ қоразды атып, өлім аузынан қалған. Содан кейін ол қолына мылтық ұстамай кетті.
Байқауымсызша, ақ қырғауыл шектен тыс қырып жіберген адамға кездесетін сияқты. Ол ұшыраса қалса сол кезден қаруды тастап, аңшылықты тоқтатқан жөн. Әйтпесе арты жақсылық әкелмейді. Осы ойда жүрсін әрдайым.
28 сәуір 2020 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам