Домбыра үйірмесінің онлайн сыныптары ашылды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы домбыра үйірмесінің қатысушылары қашықтан дәріс алып, алғашқы онлайн концерттерін берді.
Қазақ халқының өнерін насихаттау және ұлттық музыканы жаңғыртуды мақсат еткен жас зияткерлер домбыра үйірмесінде музыкалық аспап пен танысып, ұлы күйшілердің шығармалары мен жыр-термелерін меңгеруде. Бүгінде балалар репертуарында «Балбырауын», «Әлқисса», «Ататолғауы» және «Көңілтолқыны» секілді күйлер бар. Алғашқы онлайн-концертте жас домбырашылар жетекшісі Үкітай Ерниязов пен бірге Әбдімомын Желдібаевтың халықарасында кеңтанылған «Еркесылқым» күйін шебер орындап, тындармандарға керемет көңіл-күй сыйлады.
«Домбыраға қызығатын оқушылардың саны аз емес. Бұл жастардың ұлттық мәдениетті және құндылықтарымызды ерекше құрметтейтінін көрсетеді. Қатысушылардың үлкен пайызын 7-8-сыныптардың балалары құрайды. Екі жылда бұл балалар домбыраны жоғары деңгейде меңгеріп шығады», - дейді жетекшісі Үкітай Ерниязов.
Расымен де қазақ ұлтының негізгі брендіне айналған қоңыр дауысты домбыраны бүгінде жанынасерік еткен жастар көп. 9-сынып оқушысы Майя Жалғасбаева домбыра мен алғаш рет 8 жасында танысты. 50-ге жуық шығарманыны шебер орындай алатын өнерлі жасөзге оқушыларға қашықтан шеберлік сыныптар ұйымдастырып, білгенін үйретуде.
«Менің өнерім басқаларға жақсы әсер қалдырса, демек менің жасап жатқаным бекерден бекер емес. Барлық бос уақытымда домбырада күй ойнап, ой тынығып аламын. Әр бір азамат өз мәдениетін білуі тиіс деп ойлаймын», - дейді домбырашы қыз Майя.
Айта кету керек, қазақтың төл өнерін насихаттауды мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Қазақтың 100 күйі» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Түрлі шаралар өткізуар қылы оқушылар қазақ күйлерінің шығу тарихын, дәулескер күйшілердің өмірі туралы танымдық-тәрбиелік ақпарат таралады.