Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ырыс ынтымаққа бастайды

Ырыс ынтымаққа бастайды

Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық саналады. Біртұтас Қазақстан халқы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатын жүзеге асыруда.
Біз – қазақстандықтар, рухани жаңғыру жолында, жүйелі даму бағытында экономикалық, саяси даму мақсатында аянбай еңбек етуге тиіспіз. Қазақ елі қазіргі таңда өзіндік бет-бейнесі, өзіндік ерекшелігі мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекетке айналған. Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты елміз. Басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.
Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеміз. Бүгінде мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар достықтың дәлелі болып отыр.
Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!
 Светлана КИМ,
Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы,
№33 орта мектептің мұғалімі
30 сәуір 2020 ж. 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам