COVID-19: Бүгін 5 жаңа жағдай тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 222-ге жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -140. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан анықталғандардың 1-уі скринингтен анықталса, 4-еуі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азаматтар. Соңғы тәулікте барлығы 553 зертханалық сынама алынса, оның 543 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді болса, 5 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест - 5000», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.
Жалпы 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 73 науқастан анықталған. Оның ішінде,
- 12-сі медицина қызметкерлері;
- жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;
- 43 азамат қарым-қатынас арқылы;
- 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;
- 3 азамат блок посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;
-5 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;
- 1 азамат Ресейден келген студент.