Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Covid-19 : жаңадан 9 дерек анықталды

Covid-19 : жаңадан 9 дерек анықталды

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 179-ға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 9 жағдай анықталды. Оның ішінде, 8-і- Қызылорда қаласынан болса, 1-уі- Қармақшы ауданынан. Қызылорда қаласынан анықталған 8 деректің біреуі – провизорлық ауруханаға жатқызылған науқастан тіркелсе , алтауы- медицина қызметкері , біреуі- індет жұқтырған науқаспен байланыста болған азамат. Сондай-ақ, Қармақшы ауданынан анықталған науқас- Тараз қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда»,- деді бас дәрігер.

Сонымен қатар, індет жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған - 2449 азамат анықталды. Оның 1291-і жақын байланыста болса, 1158-і жанама қарым-қатынаста болған.


26 сәуір 2020 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 203 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам