Covid-19: 1 жаңа жағдай тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 223-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -144. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
« Соңғы тәулікте жаңадан 1 дерек анықталды. Науқас- Қызылорда қаласының тұрғыны. Ол бұрын індет жұқтырған адаммен байланыста болып, карантиндік стационарға жатқызылған. Он төрт күннен кейін қайта тест сынамасы алынып, оң нәтиже берді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, емін жалғастыруда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3294 азамат анықталды. Оның ішінде, 1794-і жақын қарым-қатынаста, 1500-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Сондықтанда оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға шақырамыз.