Қызылордада соңғы тәулікте жаңадан 4 дерек анықталды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 161-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
- Соңғы тәулікте Covid-19 вирусының жаңадан 4 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, біреуі- коронавирусқа күдікті болып провизорлық стационарға орналастырылған азаматтан анықталды. Ал үшеуі - індет жұқтырғандармен байланыста болып, карантинге оқшауланған азаматтар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін жалғастыруда,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ , індет жұқтырғандармен байланыста болған 2423 азамат анықталса, оның 1278-і жақын қарым-қатынаста, 1145-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантин ережелерін сақтап, үйде болыңыздар.