Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақ даласында киіктер төлдей бастады

Қазақ даласында киіктер төлдей бастады

Қазақ даласындағы киіктер төлдей бастады. Жаңа туған құралайдың фотосуреттері желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күнді сүйінші сұраудан бастағым келеді. Бірнеше күн бұрын киіктер төлдей бастады. Көктемнің алғашқы құралайларын көріңіздер. Тұқым жалғастыру – әрбір тіршілік иесі үшін маңызды кезең», - дейді фотосуреттерді желіде бөліскен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
 Жаңа туған төл енді тіршіліктің сынынан өтуі тиіс. Әлсізі өлсе, кейбірі жыртқыштардан аман қалмайды. Тек мықтысы тіршілігін жалғастырады. Табиғат заңы осындай.
 «Жыл сайын мамыр айының басында киіктер төлдейді. Төлдеу уақыты бірнеше аптаға ғана созылады. Жыл сайын дәл осы уақытта күн бұзылып, салқындайды, жел тұрады. Халқымыз оол уақытта «Құралайдың салқыны» деп атайды. Төлдеу кезінде киіктің еркегі оларды айнала жүріп, жыртқыштардан қорғайды. Ал Охотзоопромның инспекторлары мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық департаменттері де киіктерді браконьерлерден қорғайды», - дейді комитет өкілі.
07 мамыр 2020 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам