Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІР КҮНДЕ БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАҒИДАСЫН БҰЗҒАН 10 АДАМДЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ

БІР КҮНДЕ БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАҒИДАСЫН БҰЗҒАН 10 АДАМДЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ

  Қызылорда облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бір тәуліктің ішінде балық аулау қағидасын бұзған 10 адамды қолға түсірді. Олардан 100 келіден астам балық тәркіленіп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш инспекцияның Арал ауданындағы мамандары бұл бағытта нақты істерді жүргізіп келеді. Балық аулау қағидаларының орындалу барысын қадағалайды. Өткен жылы осындай талаптарды орындамаған 384 дерек тіркелген. Үстіміздегі жылдың 5 айында ол 178 деректі құрап отыр. «Тыйым салынған уақытта рұқсат етілмеген аумақтан балық аулағандар жазаға тартылады. Оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Біздің техникамызды жаңартуға көңіл бөлсе дейміз. теңізге лайықты қайықтар болғанын дұрыс», - деді облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Есенбай Есіркепов. Мамандардың айтуынша, сәуір мен маусым айының 10-на дейінгі аралық балықтың уылдырық шашатын мезгілі болғандықтан бұл кезеңде олар ерекше қорғауға алынады. Дегенмен, осы уақыт аралығында мамандар 42 заңсыз деректі тіркеді.
12 маусым 2018 ж. 2 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам