Биыл 573 оқушы "алтын белгіге" үміткер
Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бітіруші түлектер үшін«Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шаралары 3-4 маусым күндері өтеді. Биылғы ерекшелік - мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. Облыс бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 573 оқушы.
Салтанатты шаралар мектептің сыртқы ауласында ұйымдастырылады. Санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Жиынға бітірушілер мектеп формасымен қатысады. Сондай-ақ, үйлерде, кафе, ресторандар да отырыстар өткізу және картежге шығуына қатаң тыйым салынды. Жалпы оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға, мектептерге сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға рұқсат берілмейді.