Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Амангелдінің асханасы

Амангелдінің асханасы

Бақыт байлығы жарасымды отбасында. Отбасындағы әке мен ана және бала ошақтың үш тағаны секілді бірін-бірі толықтырып тұрады. Өңірімізде қарапайым қалпымен көп көңілінен орын алған отбасылар жеткілікті. Бірлігі ұйысқан берекелі шаңырақтың бірі – Төлепбергеновтер отбасы.  
Отбасының басты қағидасы ұл-қыздарын қазақы құндылықтарға сай тәрбиелеу. Осындай отбасында өніп өскен баланың еңбексүйгіш болып, ата-ана мерейін өсіруге талпынары хақ. Бұл жанұя тағылыммен тоғысып, құндылықтармен қуаттанған. Болашақта бәйтеректей саялы әулетке айналары анық. Бастысы, ырысты отбасында отбасы мерейі бар.
Отағасы Амангелді Төлепбергенов отбасында астың кез келген түрін әзірлей алады. Иә, кәдімгідей ас пісіереді. Отанасы жұмыста болған кездері үйде күтіп жатпай керек тағамды тәттілеп, балаларының алдына тосады. Ас әзірлей білуде өнер. 
Қазір ел арасында отбасының барлық жауапкершілігін әйелдерге артып қойғанымыз жасырын емес. Негізі ер азаматтардың көпшілігі үй шаруасына бейім болады. Бұл бірінші кезекте бала кезден бойына сіңірген тәлім тәрбиенің негізі іспетті. Мәселен, әлемге әйгілі мейрамханалар мен тамақтану орындарында ер адамдар басым болады. Еуропа елдерінде ерлер ас үй шаруасына араласады. Олар үшін тамақ әзірлеу әбестік емес. Ал, біздің елімізде ерлердің ас үйге бас сұғуы сирек. Олардың бірі асты дәмді пісірсе, бірі ас үй жұмысына мүлдем араласпайды.
Халықаралық отбасы күні қарсаңында қала тұрғыны Амангелді Төлепбергеновтен ер адамның ас пісіруі жайлы ойын білген болатынбыз.  
– Отбасы ортақ құндылық. Оның жұмысы мен, сен деп бөлінбейді. Абырой ортақ, балашаға ортақ. Сондықтан ас пісіріп, үй шаруасымен айналысқаның айыбы жоқ. Көкөніс қосылған салаттың түр-түрін істей аламын. Қамыр илеп, қолдан лапша да қайнатамын. Лагман, палауды дәмді пісіретінімді жұбайым жиі айтып отырады.Палау дайындау үшін алдымен етті үлкен, ал сәбізді ұзыншалап турап алады. Сосын күрішті салқын суға салып қояды. Осыдан кейін қазанға майды мол қылып құйып, ет пен сәбіз және пиязды қуырасыз. Қуырылған еттің үстіне күріш саласыз. Күріш қызарған уақытта аздаған мөлшерде су құйып қайнатасыз. Су азайған соң күріштің әр жерінен тесіп, бетін қақпақпен жауып қоясыз. Осыдан кейін бабымен піскен палау дәмді шығады. Міне, алдыңа алда жей бер. Ешқандай қиын емес.Апаң жұмысына кеткенде тамақты өзім осылай дайындап іше беремін. Кейде үйдегі балаларға да астың түрін әзірлеп беремін. Сосын Сыр елінде тұрғасын балық пісіруді де жақсы меңгергенмін. Қуырып, қақтап, тіпті пешке де пісіремін. Кез келген тамақтың тәртібі бар. Бұл менің өзіндік тәжірибемнен айтқан тұжырымым, – дейді біздің кейіпкер.
Ерлі-зайыптылар үш баланы тәрбиелеп отыр. Ұл-қыздарының алды тұрмыс құрып, кейінгілері де жетіліп еңбек етіп келешек өмір жолдарын бағдарлауда. Мәселен, тұңғыштары Ж.Төлепберген кішкентайымен үйінде отыр. Ортаншы балдары Ж.Пазылбек мейрамханада әкімші болып еңбек етеді. Ал, кенжелері М.Амангелді Болашақ колледжінде студент.    
Адамға өмірінде ең қымбаты – отбасы. Үйде жақындарың мен балаларың күтіп отырса көңілге қуаныш ұялайды. Алдыңнан ұл-қызың жүгіріп шықса, өмірге деген сенімің нығайып, сүйіспеншілігің артады. Ақжаулықты аналарымыз бен нәзікжанды аруларымыздың жанынан табылып, ұдайы қолдау көрсету азаматтығымыздың белгісі. Алла тағала әйел затына қамқоршы болсын, қолдап, қорғасын деп ерлерімізді жаратты. Жұбайыңыздың жанынан табылып, жылы сөзіңізді аямаңыз. Өйткені ол – өмірлік жарыңыз, жанашырыңыз, балаларыңыздың анасы.
Отан – отбасынан басталады. Отбасы – шағын мемлекет. Оның кіріс, шығыс жақтары да болуы заңдылық. Барлығын байыппен бағалап, сабырмен саралау қажет. Сондықтан отбасының тірегі-татулық, тілегі-тыныштық. Біз баяндаған Амангелдінің асханасы ер азаматтарға үлгі мен өнегенің жарқын көрінісі.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
16 мамыр 2020 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам