«Бәйтеректе» 600 орындық мектеп салынады
Қызылорда қаласында Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп салынады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлімдеді.
Сол кезде «Бәйтерек» шағын ауданында тұратын 6600 отбасының оқушы балалары үшін жақын жерде білім алу мүмкіндігі туады. Алдағы үш жылдағы жоспар бойынша осында 700 отбасы қоныстанады. Сөйтіп, оқушылар саны 1500-ге жуықтайды.
Қазіргі уақытта 150-дей бала «Бәйтеректен» қала орталығына қатынап оқып жүр.