Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Білім – өмір азығы

Білім – өмір азығы

   Заман – оқығандыкі, өйткені оқыған – білгір, оқымаған – ділгір. Бұл бағытта білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі атқарушы биліктің ғана міндеті емес, ол ата-анаға да, тіпті қоғамның әрбір саналы өкіліне тиесілі борыш. Сондықтан болар, білім саласына мемлекет тарапынан лайықты қолдау жасалып келеді. Жыл сайын қала бюджетінің басым бөлігі білім саласына бағытталады.
Өткен жылы қала мектептеріндегі орын тапшылығын шешу мақсатында екі  білім ұясының жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салынды. Сондай-ақ Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп бой көтерді. «Ақсуат» ауылдық округінде бөбекжай ел игілігіне пайдалануға берілді.
Дарияның сол жағалауынан «Болашақ» университетінің бас кампусы, 320 орындық балабақша, 700 орындық «Оrda school» жеке бастауыш мектебі ашылды.
«Нұр-Ай» серіктестігі қала орталығынан 500 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Әрине, іс мұнымен бітіп қалмайды, құрылыс жалғаса береді. Мысалы, қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат", «Бәйтерек», СПМК тұрғын аудандарында жаңа мектептің құрылысы салынады. 320 орындық балабақша жақын күндері пайдалануға беріледі.
Халық даналығында «Кітап оқығандыкі, білім тоқығандыкі» деген тамаша тәмсіл бар. Сол тәмсілді қолдау, оқушының келешегін ойлау үлкен мәселе. Бұл тұрғыда қала мектептері жаңа оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілгенін айтсақ аздық етпес.
Жалпы, қалаға қарасты бұрыңғы саяжайлар, шағын елді мекендерде тұратын халықтың мектепке қатынау мүмкіндігі де назардан тыс қалмаған. Бүгінгі таңда қала мектептерінде қатынап оқитын 630 баланы арнайы көліктер тасымалдап келеді. Сол секілді 7 мыңға жуық оқушы қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алды.  Осындай игілікті іс биыл да жалғаса түспек. Бұл қаншама ата-анаға лайықты көмек, балалардың қауіпсіздігін қорғау да зор үлес.
07 ақпан 2020 ж. 1 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам