Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тізе бүгіп, туды сүю рәсімі қашаннан бері бар?

Тізе бүгіп, туды сүю рәсімі қашаннан бері бар?


Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Сол ту туралы түсінік пен пайымды парықтап көрсек, оның қадір-қасиетін қаншалықты бағалап жүргенімізді білсек?
Ту – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздерінің бірі және ежелден елдің басын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тіпті пайғамбарымыз ислам әскерлерінің туы болған және де оған аса мән берілген. Хайбар соғысы кезінде үлкен ерлік көрсеткен Хазірет Әлиге туды пайғамбарымыз өз қолымен тапсырған.
Кешегі батыр Рахымжан Қошқарбаев жанын шүберекке түйіп, Рейхстагқа ту тіккен жоқ па? Содан-ақ ту қасиетті ғана емес, мемлекеттіліктің басты рәмізі екенін ержүрек жауынгерлер қанымен жеткізді.
Ал, біз тудың киесін кеңестік кезеңде әскерде жүріп сезіндік. Әскери округтің арнаулы туы қатаң күзетпен қорғалатын. Күні-түні күзет тапжылмай тұрады. Сол тудан қапыда айырылып қалу күзетші үшін өлім жазасына кесілумен бірдей болатын. Осының өзі патриоттыққа тәрбиелеудің нағыз нышаны еді.
Ту – белгілі бір ұлттың қадір-қасиеті, мақтанышы, еркіндік пен бостандық белгісі. Сондықтан оны бір жапырақ мата деп емес, халқымыздың арман-тілегі, азаттығы деп білген жөн.
Жыл сайын 4 маусым Рәміздер күнінде салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады. Бұл жәй ғана мереке емес, патриоттық сезім бойда ойнайтын күн, Қазақстаным дейтін мақтаныш мерекесі.
Ал, енді Президенттердің мемлекеттік туды сүю рәсімі бізге қашан келді? Халық алдында Туға тізесін бүгіп, шын пейілімен сүюі бұрын-соңды болмаған. Тек әскерилер орындаған рәсім еді. Мұндай мәртебе иннаугурация салтанатында, яғни тәуелсіздік жылдарынан бастау алады. 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы иннуагурациясы өтті. Электораттың 98,7 пайызы Елбасыға дауыс беріп, ол сайлауда жеңді. Ал, Туды сүю – туған халқын сүюдің белгісі.
«Ақмешіт ақпарат»
02 маусым 2020 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам