Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді


Қазақстан латын графикасына кезең-кезеңмен ауысады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правданың" тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Журналист Қазақстанның кирилл әліпбиінен латынға көшіру процесі туралы сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев жауап бере отырып, бұл процесті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру концепциясы аясында бастамашылық еткенін атап өтті. Сондай-ақ ол латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты болатынын, орыс тілінің жағдайына еш әсер етпейтінін қосты.
"Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр.
Сондай-ақ, біз латын жазуына кезең-кезеңмен, асықпай, орталықазиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып көшеміз. Себебі әңгіме тек кирилл графикасынын латынға ыңғайлап қою да емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы болып тұр. Мұнымен қоса, қазақ әдебиеті классикасының барлық дерлік маңызды шығармасы кирилл графикасымен жазылғанын ұмытпау керек. Қазақтың бірнеше ұрпағы кирилл жазуымен білім алды және алып жатыр. Сондықтан асықсақ үлкен іске кедергі болады, бұл іске парасатпен қарау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
03 маусым 2020 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 530 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам