Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМГЕ АЯН ӘЛІПБИ

ӘЛЕМГЕ АЯН ӘЛІПБИ

   Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұрагер» мектебінде «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Оған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары Аман Абасилов, Айтжан Оразбақов, Уәлихан Ибраев қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – Рухани жаңғырудың темірқазығына айналған латын әліпбиінің қабылдануына байланысты ой алмасу, осы тұрғыда қоғамдық пікір қалыптастыру. Жиын барысында «Мұрагер» мектебінің 4 сынып оқушысы Тұмарбике Сансызбаева өзінің «Латын әліпбиі – жаңа бағдар» атты жобасын таныстырды. Оның ғылыми зерттеуі «Зерде» республикалық ғылыми сайыстарында жеңімпаз деп танылған.
Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Латын әліпбиіне көшу – өркениетті шешім» тақырыбымен бірқатар мұғалімдер баяндама жасады. Ал, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқытушылары «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» латын графикасы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша өз ойларын білдірді.
Латын әліпбиін енгізу – білімді ұрпақтың көбеюіне жол ашады. Сондай-ақ, олардың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына үлкен қолдау болмақ.
– Бүгінде кирилл әліпбиін бұрынғы кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекеттер ғана қолданады. Ал, әлем елдерінің басым бөлігі латынға негізделген жазуды пайдаланады. Қазір жаһандық ақпараттың дені осы әліпби арқылы тарайды. Латынға көшу  – еліміз үшін оң өзгеріс әкелеріне сенім мол. Сонымен қатар, тілдің ішкі жағдайын дұрыстауға, ақпараттық білімге де пайдасы зор. Өйткені, қаншама жыл бойы бұзылып келген қазақ тілінің заңдылықтарын жаңа әліпби арқылы қайта түзеуге қол жеткізе аламыз, – деді филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов.
Семинарға қатысушыларға қазақ әліпбиінің кешегі күнге дейінгі сан қатпарлы тарихынан кеңінен мағлұмат берілді. Ал, жиын барысында мұғалімдер де өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
                                                                               Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.
23 сәуір 2018 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам