Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық диқандар судан тапшылық көруі мүмкін

Қызылордалық диқандар судан тапшылық көруі мүмкін


Қызылорда облысының күріш егісінде диқандар шілде айында су тапшылығынан қиындық көруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда «Шардара» су қоймасында 4,5 млрд текше метр су жиналған. Одан төменгі бөліктегі «Көксарай» су реттегішінде 560 млн текше метр су бар. «Негізінде «Шардара» су қоймасына 350-400 текше метр су түсіп тұруы қажет. Бұл жағдайда төменгі бөлікте су тапшылығы бола қоймайды. Дегенмен соңғы күндерде «Шардараға» келетін су біршама төмендеп кетті. Ол төменгі бөлікке жіберілетін су деңгейіне әсер етті. Бүгінде «Шардарадан» төменге 250, «Көксарайдан» 350 текше метр босатылуда. Бұл су мөлшері әзірге бізге жеткілікті. Десе де жоғары бөліктен «Шардараға» келетін су мөлшері артпаса, қызылордалық диқандар шілде айында одан біршама қиындық көруін жоққа шығара алмаймыз. Аталған мәселеге байланысты қазір облыс басшылығы тарапынан тиісті жұмыстар жасалуда. Ел Үкіметі Сырдария өзені басып өтетін көршілес мемлекеттермен су деңгейін арттыру жөнінде келіссөз жүргізеді деп күтілуде», - деді «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 1 маусымдағы мәліметі бойынша 85 мың гектардан астам күріш егілді. Ол толықтай суға бастырылған.

04 маусым 2020 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам