Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шаштараз шебері

Шаштараз шебері

    Адамзат баласының өзіндік орындайтын міндеттері болады. Соның ішінде шаш қидыру ең қажеттісі саналады. Қазір қалада әр бұрышты айнала қалсаң, алдыңнан шаштараз салонын кездестіресің. Әрине бұл үлкен шыдамдылық пен жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Осы мамандықты арнайы оқытатын күрстар да баршылық бүгінде. Адамның бет-бейнесін әспеттеп, көркем көрсететін шаштараз қызметіне жүгінушілер аз емес. Осы саланың қыр-сырын толық меңгеріп, он жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан ісмер Жанатбек Мұханбетжан. Ал, жұбайы Динара Бегімова осы кәсіп түрін меңгергеніне бес жылдан астам уақыт болыпты.
    Нәзік жандылар шаштарына күтім жасатып, ер азаматтар айына бір мәрте шаштарын қидырады. Діни кітаптарда бұқара халық арасында шаш-тырнақты күтіп ұстау парыз екендігі жөнінде мағлұматтар бар. Ел аузында «Шашы өскеннің елі кәпір, тырнағы өскеннің өзі кәпір» деген сөз бар. Тырнақ пен шаш алғанда оны жерге көму қажет. Себебі, тырнақ пен шаш жын-перінің сүйікті азығы саналады екен. Бір жағынан шаш алу – руxаният тағлымының көрінісі іспетті. Қажылық өтелгеннен кейін шаш алу үрдісі барын есітіп жатамыз. Бұл – дін шоқтығының көрінісі. Ендеше шаш алдыру дәстүрлі дініміздің құрамдас бөлігі.
   – Шаш алуға бала кезімнен қызығушылығым оянды. Әр шаштараздың өз орны мен құралдар жиынтығы бар. Құралдарды күнделікті тазартып, келесі кісіге дайындаймын. Келген кісі жұмысыма ризашылығын айтып жатқанын естіп, мамандығыма деген құлшынысым артады. Күніне орта есеппен жиырмаға жуық адам келеді. Шаршататын жұмыс деп айтуға болмайды. Жазғы каникул уақыты болғандықтан балалар шашын алдыртатындар көп келеді. Шашын алатындар әртүрлі жастағылар. Тойлар мен мерекелік кештерге қыздарымыз бен жеңгерлеріміз шаштарын, беттерін әрлемей бармайды. Яғни, бұл шашараз кәсібіне сұраныстың артқанын білдіреді. Халықпен жұмыс жасау қызық әрі жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір тұтынушының көңілінен шығу, оның жасына, бет-әлпетіне сай шаш үлгісін жасау, бет әрлеу, бояулар таңдау тәжірибені қажет етеді. Келіншегім де кәсібін игеріп, өз ісін жетік білетін маманға айналды. Кіріс көзі күніне он мың теңгеге дейін болады. Келешекте өз шаштаразымыз болса деген жоспарымыз бар. Адам арманға жету жолында шын ықыласымен кіріссе мақсатына жетері хақ. Қызмет құны қолжетімді бағада. Мамандығыңды жақсы көрсең мұның барлығын оңай еңсеруге болады, – дейді білікті маман бізбен әңгімесінде.
   Қазір еңбектің заманы. Бейқамдық танытуға болмайды. Қоғамда жұмыссыздықты желеу етіп, сең соққан балықтай сенделіп жүрген жастар көп. Кез келген адамның өз хоббиі болады. Сол мүмкіндікті пайдалана білсең болғаны. Табысқа жеткен, кәсібін дөңгелеткен адамдар жетістікке бір күнде жеткен жоқ. Оның астарында ерен еңбектің табы жатыр. Олардың табысты болуының сыры еңбекте, төзімділікте, мақсат қоя білуін де. Өйткені, «Еңбек ер атандырады» деген уәлі сөз бекер айтылмаған. Біздің кейіпкерлердің шаштараз салоны әрқашанда тұтынушыға толы тұрады. Оның себебі сапалы қызметіне жас та, қарт та дән риза.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
06 маусым 2020 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам