COVID-19: Соңғы тәулікте 2 жағдай тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 511-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 286. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 2 дерек тіркелді. Екеуі-Қызылорда қаласынан. Сынама тесттің қорытындысы бойынша симптомсыз ағымды коронавирус инфекциясының жағдайы»,- деді бас дәрігер.Өз сөзінде бас дәрігер коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілгенін айтты. Алдағы уақытта науқастардың жағдайы симптомды және симптомсыз болып тіркеледі. Қазіргі таңда жаңа тәртіпке байланысты симптомды науқастар саны – 461, ал сипмтомсыз-50 азамат.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5152 азамат анықталды. Оның ішінде, 2960- тікелей қарым-қатынаста, 2192- жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
Kyzylorda-news.kz