Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Covid-19: Соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді

Covid-19: Соңғы тәулікте 7 жағдай тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 255-ке жетті. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -210. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның екеуі – скринингтеу барысында анықталса, төртеуі – індет жұқтырғандармен байланыста болған. Ал біреуі - Шарждан келген , Алматы қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3415 азамат анықталды. Оның ішінде, 1938-і жақын қарым-қатынаста, 1477-сі жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз. Сонымен қатар, сырт өңірлерден келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.

19 мамыр 2020 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам