Covid-19: Соңғы тәулікте 10 жағдай тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 290-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 225. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 10 дерек тіркелді. Оның 9-ы індет жұқтырғандармен байланыста болса, 1-еуі скринингтеу барысында анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған– 3856 азамат анықталды. Оның ішінде, 2151-і жақын қарым-қатынаста, 1705-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.