Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада карантин шаралары күшейтілді

Қызылордада карантин шаралары күшейтілді

Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін жаңа шектеулер енгізілді. «Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды. Балалар сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді.
«Сондай-ақ, ұжымдық, отбасылық туған күн, дәстүрлі, әдет-ғұрып шаралары секілді жиындарға, оларды мейрамханада өткізуге тыйым салу жалғасады. Компьютерлік клубтар, мото және лото кеңселер, бильярд клубтары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға алу қызметі, балалар ойын алаңдарының қызметіне шектеу жалғасуда. Санитарлық талаптардың сақталуы мобильдік топтардың рейдтері мен полиция қызметінің әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып патрульдеу арқылы күшейтіліп отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні облыста санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 2 кәсіпкерлік нысанына әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолдануда.
Бұдан бөлек, емдеу мекемелері бойынша аурудың күрт өсуіне соқтырған нысандар бойынша 13 медицина қызметкеріне айыппұл салынып, бір материал экономикалық сотқа жолданды. Бұдан бұрын Аралдағы тосқауыл бекеттері әзірге жұмысын жалғастыратыны хабарланған еді.
Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам бар. Оның ішінде 291 адам сырқатынан жазылып шықты.
08 маусым 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам