Жағымсыз иіс қолқаны қабады немесе көлшіктер көмуді сұрайды
Қала көлеміндегі түйткілді мәселелер түйіні кезең-кезеңімен тарқатылып келеді. Бұған дейін қала тұрғындарының көбісі инфрақұрылым жағдайына байланысты түскен шағымдары шешімін табуда. Кейбір мөлтек аудандарда ыза судан пайда болған көлшіктер тұрғындар үшін қолайсыздық туғызып, аймақ үшін экологиялық ластану ошағы саналып отыр. Бүгінде қала бойынша 34 жер учаскесі орналасқан 24 көлшік анықталған. Олардың барлығына қала әкімдігі тарапынан жер учаскесін мерзімінде игеру жөнінде ескерту берілген болатын. Осы ретте, қала әкімдігінің мұрындық болуымен бас шаһардағы Сәулет және Қорқыт ата мөлтек ауданындағы көлшіктерді көму жұмысын көзбен көріп, көңіліміз көншіп қайттық.
КӨЛШІКТЕР КӨМІЛУДЕ
Біз аялдаған алғашқы Сәулет мөлтек ауданындағы Қойсары батыр көшесі. Мұнда ыза судан пайда болған көлшік тұрғын үй ауласына дейін көтеріліп, жолды жауып қалған жағдайға жеткен. Ойын балалары ойнаудан қалып, үлкендер тысқа шығу мүмкін емес¬тігін айтып базынасын билікке жеткізген. Нәтижесінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.
– Бір көшені бойлаған терең көлшік болатын. Соған балаларымыз түсіп кете ме деп қауіптеніп, ойнауға шығармаймыз. Жағымсыз исі үй ішіне дейін кіріп, тынысымыз тарылатын. Содан қала әкімдігіне арызданып, нәтижесінде көлшік көмілді. Бұқара базынасына назар аударған билікке алғыс айтамыз. Ендігі кезекте мемлекет меншігіне қайтарылып, орнына ойын алаңы ашылса деген ұсынысымыз бар, – дейді көпбалалы ана Жәмила Әбдіжәлелова.
Бұл – ағымдағы жылы аталмыш аумақтағы көміліп тұрған бесінші көлшік. Көлемі 6000 шаршы метрді құрайтын көлшікті көмуге бір жарым айда 1400 көлік құм төгілген.
Қорқыт ата мөлтек ауданы, Жастар көшесіндегі иесіз көлшік те тұрғындар тынышын кетірген. Мұнда жер иесі анықталмай отыр екен. Алдағы уақытта жан-жақты тексеріліп, тиісті шешім қабылданатыны айтылды.
БЕРІЛГЕН ЖЕР БОС ЖАТАДЫ
– Қала бойынша осындай 24 көлшік бар. Табыс¬талған жерлерді бос қалдырып, ескертпе ережесіне құлақ аспағандар ісі сотқа жіберіледі. Жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып жатса, алдымен үй кезегінде тұрған азаматтарға ұсынамыз. Болмаса аукцион арқылы кәсіпкерлік нысанын салуға беріледі. Бұл жерлер бұрынырақта қазылған, ойылған жерлер. Ол кездерде су болмағанымен кейіннен жерасты суының көтерілуіне байланысты көлшіктер пайда болған. Айналасындағы тұрғындар тұрмыстық қал¬дықтар тастайды. Жекеменшік жерлерге мемлекет тарапынан қаражат жұмсау заңдылыққа сәйкес келмейді. Сондықтан жеке кәсіпкерлер көмегімен көміп жат
ырмыз. Былтырғы жылы қала аумағында 18 көлшік көмілсе, биыл 12 көлшіктің мәселесі шешілді. Алдағы уақытта да осы тектес жұмыс жалғасатын болады. Мемлекет тарапынан жұмылдыру басқармасы арқылы Сырдария өзені арнасын тазарту жұмысы басталғалы тұр. Сол жұмыс басталса, Сырдария өзені табанынан шығатын таза құммен көлшіктерді көму мүмкіндігіміз кеңейе түседі. Нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстар түгел қамтылады, – дейді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев.
ырмыз. Былтырғы жылы қала аумағында 18 көлшік көмілсе, биыл 12 көлшіктің мәселесі шешілді. Алдағы уақытта да осы тектес жұмыс жалғасатын болады. Мемлекет тарапынан жұмылдыру басқармасы арқылы Сырдария өзені арнасын тазарту жұмысы басталғалы тұр. Сол жұмыс басталса, Сырдария өзені табанынан шығатын таза құммен көлшіктерді көму мүмкіндігіміз кеңейе түседі. Нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстар түгел қамтылады, – дейді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев.
Осы жылдың сәуір айында бір ғана Сәулет мөлтек ауданында 5 көлшік кәсіпкерлер қолдауымен көмілді. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінде барлығы 13 көлшік орналасқан. Атап айтқанда, Әл-фараби-2, Саяхат-2, Сәулет-1, Арай-1, КБИ-2, Шанхай-1 және Белкөл, С.Бейбарыс көшесі-4 көлщік. Сасық көлшіктер негізінен Сәулет, Саяхат, Әл-Фараби, КБИ және Арай шағын аудандарында.
Тілші түйіні
Тұрғылықты аумағын таза ұстау тікелей тұрғын¬дардың өзіне байланысты. Бос алаңға немесе көше қиылысына үй қоқыстарын қойып кеткендерін де көріп те, естіп те жүрміз. Ал жақын маңдағы көлшікке күл-қоқыс тастайтын да өзіміз. Тазалық табалдырықтан басталады. Ал табалдырықтан биік тау жоқ.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ