Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Моңғолияның мақтаулысы

Моңғолияның мақтаулысы


Моңғолиядағы 21 аймақтың батыстағы ең биік таулы өңірі Бай-Өлкеде жүз мыңға жуық халық тұрса, соның 93 проценті қазақтар.
Тарихи дерекке сүйенсек, 1924 жылы бас шаһардың атын Ұлан-батыр етіп өзгерту туралы ұсынысты Тұрар Рысқұлов жасаған екен. Бұған дейін қала «Өргө», «Хүрэ» , кейінірек «Нийслэл Хүрэ» деп аталған. Моңғолдар Шыңғысханға байланысты «Батыр Хот», яғни «Батырдың қаласы» деп атамақ болады. Алайда, Рысқұлов «Батыр» деген сөзге «Ұлан» сөзін жалғап, «Ұлан-батыр» деген атауды жөн көреді. Мұның қазақша нұсқасы «Қызыл батыр».
Сонымен моңғол еліндегі қазақтардың ішінен шыққан талай зиялы қауым өкілі бар екенін білеміз. Біз солардың біріне тоқталсақ дейміз.
Бұл кісіге сырттай қанықпын. Қанша хат жазсам да жауап ала алмадым. Бәл¬кім, қызмет мойын бұрғызбай жүр ме, әлде басқа да себептер болар, әйтеуір қолдағы бар деректі пайдалануға тура келеді.
Есімі – Бәделхан Қабдысіләмұлы. Монғолияда тұратын қандас. Ондағы қазақтар арасынан 35 жылдан кейін Құрылыс министрі болды. Өте сыйлы адам. Оның да мәнісі бар. Өзі туып-өскен Баян-Өлгей аймағына барынша ықпалды тұлға.
Негізінен Бәделхан Қабдісіләмұлы Қобда бетіндегі қазақтан шыққан 5-ші министр. Ол Моңғолия Парламентінің депутаты ретінде де Баян Өлгейдің мәселесін тұрақты көтереді. Тіпті аймақтан үш депутат сайлансын деген ұсынысты алға тартып келеді.
Ол бір сөзінде: – Моңғолияға келген қазақтар өте бақытты. Жаманшылық, қиыншылық көрген жоқ. Қазақ ұлтына Моңғол үкіметі ерекше қарады. 1940 жылы дербес аймақ құрды. Қазақ-ураңқай аймағы. Өзіне бөлек аймақ құрып берді. Қазір еркін тіршілік етіп отыр. Жер бетінде ағаш уықты, киіз туырлықты көшпелі үш ұлт бар. Олар Қазақ, Моңғол және Қырғыз. Арғы-бергі тарихы сабақтасып жатыр. Ал, жаңа ғасырдағы байланыс үзіліп көрген емес. Ендігі міндет – сол байланысты баянды ете түсу, – дейді.
Жалпы, министр 2016-2020 жылдары мемлекеттік бюджеттің 65,5 млрд төгрөг (1 теңге – 7,5 төгрөг) қаржыландыруымен Баян-Өлгей аймағында барлығы 94 жоба, бағдарламаларды жүзеге асыруға ық¬палды болды. Соған сай Азия даму банкі қаржыландыруымен Баян-Өлгей аймағында «Жаңа Өлгей қала» жобасы қолға алынды.
Шыны керек, Баян-Өлгей аймағының 80 жылдық тарихында жергілікті азаматтардың орталыққа көптеп қоныс аударуы қала жоспарлау дамуы жоқ жағдайға жеткен. Ауыл үйлері өз мүмкіндіктеріне сай қаша-қораларын қоса салып, ауыз судың ластану, стандартқа сай келмеуі, денсаулыққа қауіп төндіруі және де жер қыртысының ластануы үлкен мәселеге айналды.
Аталған жоба қала құрылым, ауылшаруашылық деген екі бағытта жүзеге асады. Атап айтсақ, ауыл үйлерді ыстық-суық су, лас су инженерлік желілеріне қосып, ауылшаруашылық бағытында малдың шикізатын өндейтін өндірістер салынып, шағын және орта өндіріспен шұғылданушыларға жеңілдетілген несие беру арқылы тіршілік деңгейін жақсартады.
Жоба жүзеге асқанда, жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіз өмір сүретін мүмкіндікпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ол Өлгейде мектеп, көпбейінді аурухана салу мүмкіндігін жасады. Соңғы уақытта сарқынды суларды тазартып, өндіріске пайдалану жайлы үлкен жобаны ұсынып отыр. Бұл мұндағы қазақтардың тіршілігіне мол мүмкіндік сыйламақ. Бәделхан Қабдісіләмұлы моңғол тілін ана тілінен кем білмейді. Шешендік қабілеті де бар. Депутат ретінде де, министр ретінде де мемлекеттік қайраткер дәрежесіне жетіп отыр. Ол туралы қарапайым халық аузының суы құрғағанша айтып тауыса алмайды. Соның бір айғағы мына арнау.
Қосылмасын мейлі әнге аты,
Бір ұлы ең елдің ардақты.
Министр қазақ бүгінде
Керейдің болдың мандаты.
Үміт көп күтер әлі алдан,
Бақыт боп әлі атар таң,
Құтты болсын мәртебең
Министр қазақ Бәделхан! – деп жырлайды.
Жалпы, Баян өлгейде кеңсе маңдайшасында моңғолша және қазақша – екі тілде жазылады. Баян өлгей қаласының заманауилана бастауы Қобда өзенінің екі жағын бойлай 4-10 қабатты ғимарат¬тар салынып, коттедж қалашығы бой көтергенінен белгілі. Моңғолия парламенті – Ұлы Хурал деп аталады. Ұлы Хуралда үш қазақ депутат, үкіметте бір министр, үш министрдің орынбасары бар. Соның бірі қазақ қызы – Азық түлік, ауыл шаруашылық және жеңіл өнеркәсіп вице-министрі Сәуле Жанымханқызы.

Қ.ҚҰРБАН
13 маусым 2020 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам