Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорданың қамысы Германияға экспорттала бастады

Қызылорданың қамысы Германияға экспорттала бастады



Қызылорда облысында жергілікті аймақта өсетін қамыс биыл Германияға экспортқа шығарыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, аталған мемлекетте қамыс үйлердің шатырына арналған тоқыма себетін жасауға пайдаланылады. Бұл өнім биыл алғаш рет экспортқа шығарылған. Бүгінгі күнге дейін 122,1 тонна Германияға жіберілген.
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік - қамыс жер шарында кеңінен таралған. Тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді. Қазақстанда жерасты суы жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - кәдімгі қамыс немесе құрақ. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Одан химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
«Қызылорда облысынан жыл басынан бері 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызға артты. Шетелден балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс өнімдеріне сұраныс жасалды. Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.

15 маусым 2020 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам