Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАНДАЙ КӘСІПКЕ СҰРАНЫС БАР?

ҚАНДАЙ КӘСІПКЕ СҰРАНЫС БАР?

  Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту орталығы бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бүгінде бұл бағытта нақты шаралар жүргізіліп, мұндай жұмыстар тұрақты қолға алынуда. Жәрмеңкеге қала бойынша 40 мекемеден алдын ала 171 жұмыс орнына сұраныс келіп түскен. Оның ішінде құрылысшылар, механизаторлар, жүргізушілер, аспазшы, электрик, есепші, мұғалім, дәрігер секілді мамандық түрлері бар.
Шарада сөз сөйлеген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы облыс орталығында өз-өзін жұмыспен қамтығандар қатары артып келе жатқанын айтты. Бұл мәлімет азаматтардың мәртебесін нақтылау кезінде анықталған. Мамандар мәртебесі анықталмаған азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру секілді қызметтерді алуда қиындықтар туындайтынын тілге тиек етеді.
Жәрмеңке барысында осы мақсатта шара аясында жұмыссыз жүрген тұрғындарға қажетті жұмыс орындарын таңдау, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша және аз қамтылған отбасыларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер туралы кеңестер алуға мүмкіндік жасалды.
                                                                                                   Биболат Сағындықұлы
03 сәуір 2018 ж. 1 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам