Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордадағы бір дәріханада бір мезетте 2 мың аспирин сатылған

Қызылордадағы бір дәріханада бір мезетте 2 мың аспирин сатылған

Соңғы күндері Қызылорда дәріханаларында ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибактериалды дәрілік заттардың болмауына, сондай-ақ бағаның жоғарылауына байланысты шағымдар жиілеп кетті.
Қала әкімдігінің мониторинг тобы дәріханалардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ аталған дәрілік заттардың бөлшек саудада шекті бағаларының сақталуын бақылау мақсатында біршама дәріхананы аралады.
Нәтижесінде дәріханалардың көпшілігінде дәрілік препараттардың жеткілікті мөлшері екені, кейбір дәріханалық ұйымдарда антибиотиктер, ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрілік заттар жоқ екені анықталды. Сұраныстың жоғарылауына байланысты аталған дәрілік заттар тез өтіп кетіп жатыр. Жоқ дәрілік заттарды дистрибьюторлық қоймалардан алу үшін тапсырыстар жолданған.
Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметпен 178 дәріхана, дәріханалық пункт айналысады. Барлық дәріхана жеке меншік субъектілері саналады. 3-4 күн ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибактериалды, иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс күрт артты. Мысалы, бір дәріханадан бір мезетте бұрын бір айлық қор боп есептелетін 2 мың аспирин сатып алынған.
Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов дәріханаларды аралау барысында тұрғындармен кездесіп, олқылықтарды анықтап, халықты сабырға шақырды. Дәріханаларда дәрілік заттардың орнын толтыру жайлы сала басшыларына тапсырма берді.
Дәрілік заттардың шекті бағалары жылына екі рет 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін бекітіледі. Бұл – одан жоғары бағаға сатуға болмайды деген сөз. Қандай да бір дәрілік заттың бағасына жарты жыл ішіндегі теңге бағамы да, сату маусымдылығы да әсер етпейді.Дәрілік заттардың шекті бағасын DariKZ мобильді қосымшасынан білуге болады.
– Қызылорда дәріханаларында дәрілік заттар бекітілген шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мәселелер бойынша мына мекен-жай бойынша құзырлы мекемеге хабарласуға болады: Бектұрғанов көшесі, 10 А үй, телефон нөмірі: 23-82-92. Дәрілік заттардың бағасын шекті көрсеткіштен арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
30 маусым 2020 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам