Індет ортақ міндетті жүктейді
Қазір әлем үлкен сынақтың алдында тұр. Пандемия жер шарын жайлап кетті. Індеттің алғашқы толқынында төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілсе де, біз бұл вирустың алдын ала алмадық. Коронавирус індеті бүгінде өршіп кетті. Соның салдарынан қаншама азаматтар қайтыс болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына қатысты өзінің кезекті Үндеуін жолдап, әр азаматтың қазасы үшін қатты қайғыратынын жеткізді. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Ел басына түскен бүгінгі ауыртпалыққа төтеп беруге тиістіміз. Ол үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге міндеттіміз. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сабырлыққа шақырып жатырмыз. Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз. Сенім мен бірлік, тәртіп пен жауапкершілік бәрін жеңеді. Ел болып, халық болып біріксек, бұл індеттен де аман есен шығамыз.
Бауыржан МАСТЕКОВ,