Қызылордада 26 жастағы жігіт суға ағып кетті
Ағымдағы жылғы 12 шілде күні 17 сағат 37 минутта 112 құтқару қызметіне «ПМК-29» саяжайы «Қалғандария» көлінде 1994 ж.т. азамат суға түсуге арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткендігі жөнінде хабар түсті.
Аталған шақырту бойынша Төтенше Жағдайлар Департаменті Өрт сөндіру қызметінің Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 қайық, 1 бірлік техника күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 18 сағат 58 минутта азаматтың мәйіті оқиға орнынан шамамен 30 метр, тереңдігі 2 метр су табанын табылып, судан шығарылды.
Құтқарушылардың айтуы бойынша Көл жағасында 7 дос ішімдік ішкен. Суға шомылу кезінде 1994 жылғы азамат су асты шылауына (шылауларға) оратылып қалып, қатты үрей мен өзін өзі құтқара алмай сол жерде тіл тартпай кеткен.
Қатыстырылған: Қызылорда қаласы ТЖД 3 қызметкер, ЖПҚБ 10 қызметкер 3 бірлік автокөлік.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі