Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жақыныңа жанашырсың ба?

Жақыныңа жанашырсың ба?

Осы бір аты жаман ауру өзге алпауыт елдерді жайпап жатыр дегенде бізге келуі екіталай сияқты сезілетін. Бірақ, көп ұзатпай бұл кеселдің бас қаланың тұрғындары арасынан шыға бастағанын естіп, сенер-сенбесімізді білмей дал болдық. Біріміз саясатқа айналдырдық, енді біріміз барына, келесіміз жоғына сендік. Әйтеуір, екұдай күйде жүріп төтенше жағдайдан да, карантиндік режимнен де өттік.
Бұдан кейінгісі белгілі. Екі ай үйге сыймаған көпшілік арқаны кеңге салып, жайбарақат тір­шілікке бет алды. Базар маңы біразға дейін халықтан арылмады. Бұлай болуы қалыпты да. Басында несиесі, жақынына берешегі бар қара­пайым жұрт үшін қол қусырып үйде отыруға әсте болмайды. Отбасы, бала-шаға қамы бар. Түсінікті жағдай.
Мамандар тәжді тажалмен күрестің екінші кезеңін күз айына топшылаған. Бұған көбіміз іштей дайындалып жүрдік. Тек қыстың қамын емес, сақтықты да естен шығармадық. Десе де, жаздың жайма шуақ күндері үрейленген тұрғындардың уайымын енді басқандай болған. Бұрынғы қа­лыпты тіршілік қайтып кел­гендей еді. Қаладағы де­зин­­фекциялық шаралар, сани­­тарлық тәртіп талап етіл­генімен, көпшілік көңілі күпті емес-тұғын. Еркіндікке енді бой­ұсынғанымыз сол, тұмаумен ауырғандар күрт өсті емес пе? Алаңдарлық жағдай.
Рас, тұмау бізге таңсық ауру емес. Қысы-жазы әй­теуір біріміздің бұл дертпен күресетініміз бар. Бірақ, бұл жолғысы өзгеше. Табан асты қайдан, қалай келгені белгісіз бойды әлсіздік билеп, иіс, дәм сезбей, дене қызуы көтеріліп, аяқ-қол қақсап ауыру тұмаудың негізгі белгісіне айналды. Иә, бұл жай тұмау емес, жыл басынан бері күрескен тәжді тажалдың өзі. Аталған белгілер бастамасы ғана. Одан әрісі айтуға қиын. Дұрыс ем алмасаң, бойыңды дерт билеп, ақырында өкпеге түсіп, науқастың тыныс алуы қиындайды. Өкініштісі сол, соңы өлімге әкеліп соқтырады. Мұны қазір бәріміз көріп, естіп жүрміз.
Алғашқыда «Ауырдым де­ген науқас, не таныс  жоқ» деп сенбестік танытты. Ал, қазір ше? Ауырған таны­сыңды іздеудің қажеті жоқ, вирус әрқайсысымыздың от­басымызда бар. Қауіпті ке­сел өз басымыздан өткен соң таныстың жағдайы таң қалдырмайтын халге жеттік. Бүгінде екінің бірі осы дертпен күресіп жатыр. Бірі үйде, бірі ауруханада. Тіпті, арнайы стационар, провизорлық ны­сандарда да науқас көп, орын жоқ. Жедел-жәрдем, инфек­ционист, медбикелердің жұ­мысы қауырт.
Осы жағдайда оқшаулану­дың ең тиімді әдіс екені айтылды. Коронавируспен күресте жұрт­шылықты үйде болуға, бірге болуға шақырды. Жиын, той, кішігірім отырысқа тыйым салынып, отбасыңнан бөлек 3 адамнан артық бас қосуға болмайтындығы ескертілді. Тәр­тіпке бағынғандар қор бол­ған жоқ. Бастапқы кезеңнен аман-есен өткендей едік. Алайда, еркіндік тойшыл қауымның томағасын сыпырғандай, жап­пай той-тойлап, дүбірлеткендер көбейді. Мей­рамхана­лар­дың есігі жабық болса да, үй алдына шатыр тігіп, халықтың басын қосқандар тыйылмады. Өкініш­тісі сол, қазіргідей вирус өршіген тұста да, бұдан бас тартқысы жоқ. Тәуекел еткені ашық, қо­рыққаны жасырып думандатып жүр. Ең сорақысы, қауіпті тұмауды жұқтырғанды, қарым-қатынаста болғанды да сол жерде кездестіруге болады. Осындайда, денсаулық саласы мамандарының бұл дерттің ағзада ұзақ тұрақтайтынын, қайта ояну қаупі барын айтқан ескертпесін еске салғың келеді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Өзіңді ойламасаңда, өзгені ая, жақыныңды ойла. Дәл қазір бұрынғыдан да аса сақтық керегін, тәжді тажалдың ел ішін кезіп жүргенін ескерген абзал. Жақыныңа жанашыр болған жөн.
Өткен тәулікте аймақта осы вирусты жұқтырғандар саны 1784-ке жетті. Оның 910-ы қалада болса, Аралда – 92, Қазалыда – 65, Қармақшыда – 103, Сырдария ауданында – 117, Жалағашта – 74, Шиелі – 159, Жаңақорған ауданында – 264 адам тіркелген. Қауіпті кеселден қалада 7 адам көз жұмды. Сондықтан қажетті сақ­тық шарасын орындап, бетперде киюді, антисептик құралын пайдалануды әдет­ке айналдырған дұрыс. Мүм­кіндік болса үйден шықпай, оқшаулану қажет-ақ. Бірдің кесірі мыңға тиетіні белгілі. Сол үшін жақыныңа жанашыр бол!. Өзіңді сақта, өзгені қорға.
Айдана САЙДУЛЛА
14 шілде 2020 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам