Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айыппұл төлеп жүрмеңіз...

Айыппұл төлеп жүрмеңіз...

Індеттің екпіні көпшілікті қатты алаңдатып отыр. Жағдайдың бұлайша өрбуі екі айға жалғасқан  төтенше жағдай аяқталып, жұрттың жүріп-тұруы көбейгеннен болуы мүмкін. Сондықтан елімізде тәртіп күшейе түсті. Бүгінде вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Елдегі ахуалға сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақ­тандыру үшін шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.  Сол үшін де тәртіпке бағынғанымыз дұрыс.

Бетперде кию маңызды
Енді бетперде тақпағандар айыппұл төлейді. Елде осындай талап күшіне енді. Әділет министрі Марат Бекетаевтың мәліметіне сүйенсек, дүкенге немесе дәріханаға бетпердесіз кірсеңіз, жауап­кершілікке тартыласыз. Себебі, ха­лыққа бетперде киюді, әлеуметтік қа­шықтықты сақтауды ескерткенімен, еш нәтиже шықпай тұр. Рас, қарапайым тұрғындар арасында бетперде тағуға селқос қарайтындар жетерлік. Мұны өз таныстарымыздың арасынан да көріп жүрміз. Тіпті қанша ескертілгенмен, қо­ғамдық көліктерде жолаушылардан бө­лек жүргізуші мен кондукторлардың бет­перде тақпайтыны байқалады.  Ал оның қаншалықты маңызды екендігін мамандар түсіндіруде.
Бетперде өзіңмен қатар, өзге де ви­рустың тарауынан сақтайтын бірден-бір құрал. Оны дұрыс пайдаланған кезде ауыз бен мұрынның шырышты қабатын микроағзалардың түсуінен қорғайды. Демек, індет жұқтырмаудың бірден-бір әрі оңтайлы тәсілі.
«Көшеге шығып жүгіруге, сер­уендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға мас­касыз шықсаңыз да ешқандай жауап­кершілікке тартылмайсыз. Алайда, қоғамдық орын­дарға, дүкенге не­ме­се дәріханаға мас­касыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», – деді Марат Бекетаев баспасөз мәслихатында.
Иә, әрбір адамда жауапкершілік болғаны дұрыс. Себебі, індет күшейе түсті. Қауіпті вирустың тарауы қашан тоқтайтыны да белгісіз. Кейбіреулер айыппұл салуға кері пікір айтқанымен, қарапайым тұрғындар талапты сақтамай тұр. Ал, тәртіпке бас иген құл болмас. Бәрі де денсаулық пен халықтың амандығы үшін екендігін ұмытпайық. Бетперде киюдің маңызды екендігін ұғынып, карантин тәртібін дұрыс сақтағанымыз өзімізге жақсы.

Той тойлайтын уақыт емес
Әділет министрі Марат Бекетаев карантин тәртібін сақтамай, той жасағандар да жазаға тартылатынын айтты. Себебі, қазір той тойлайтын уақыт емес.
 «Мұндай жағдайда тиісті заң бабына сәйкес, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал», – деді Әділет минстрі.
Талаптың дәл осылай күшеюіне өзіміз де себепкерміз. Тәртіпке бағынбай, тығылып той жасадық. Рас, ауру қанша үдесе де аза тұту, той жасау сияқты салт-дәстүрлер қайта жалғасты. Тойханалар жабық болғанымен есік алдына құда күтіп, беташар жасағандар көбейді. Көпшіліктің жиналуы салдарынан қауіпті індеттің таралуы жиіледі. Мұны мойындау қажет.
Әр шаңырақтың тойы маңызды екені белгілі. Дегенмен, қауіпті індет басылғанша той тойлауды доғарғанымыз абзал.
P.S. Елімізге тосыннан келген қауіпті індет халықты әбігерге салды. Мойындау қажет, көбісі сенбеді, соның нәтижесінде елдегі ахуал үдей түсті. Бейқамдық қауіпті жағдайға әкелді. Сондықтан да талап қатайды. Бүгінде жауапкершілікті сезінетін уақыт келді. Бейқамдыққа жол бермеу қажет. Тиісті талап пен сақтық шарасын сақтап, індетті жеңуге күш салайық. Бұл тұрғыда әрбір адам жауапкершілік танытқан жөн. Өзімбілемдікке салынып, бетпердесіз қыдырып, тығылып той тойлаймын деп жүргенде айыппұл төлеп жүрмеңіз. Дәл қазіргі індет кезінде өзіңіздің және жақыныңыздың өмірі сізге байланысты екендігін де ұмытпағайсыз.
Айтолқын  БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
21 шілде 2020 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам