Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Ел мен Әкім

Бейсенбі күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс күнін қаладағы құрылыс нысандарын аралаудан бастады.  Бұл ретте бірқатар БАҚ өкілдері де атқарылған жұмысты бірге бағамдап қайтты. Биыл «Жұмыспен қамтудың  Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жаңарып, бірқатар білім ошақтары жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің ауласына жаңадан ойын және спорт алаңдары салынуда.

Ойын алаңдары – балаларға сый
Алғашқы бағыт – «Ақмешіт» ықшам ауданындағы №28 үй. Бұл көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан аталған бағ­дарлама негізінде жаңадан ойын алаңы бой көтерді. Құрылыс жұмысы толық аяқталды деуге негіз бар. Тек тұрғындардың өтінішімен қосымша шатырлар, орындықтар орнату қа­жет. Бұл да жуық арада жүзеге асатын іс. Ал, аулада үлкен футбол алаңы, айналасына спорттық құрал-жабдықтар орналастырылған. Яғни, жасөспірімнің де, бүлдіршіннің де алаң­сыз ойнауына жағдай жасалыпты. Әрі қауіпсіздік шарасы да ескерілген. Тұрғындар да риза. Көптен бері көкейде жүрген мәселе шешімін тауып, балаға да, ата-анаға да сый болды.
Шаһар басшысының келгенін байқаған тұрғындар лезде жанына жиылып, өзекті деген мәселелерін ортаға салды. Жаңадан салынған құрылыс нысанына алғысын біл­дірген тұрғындар сол маңдағы №26, №27 көпқабатты үйдің аула­сындағы 2009 жылы салынған ойын алаңының ескіргенін, аулаға төселген асфальттың да кей жері ойылып, кәріз жүйесінде де ақау барын жеткізді. Ендігі осы мәселе шешімін тапса дейді олар. Жұртшылықтың базынасын байыппен тыңдаған қала әкімі мезетінде тиісті сала мамандарына аталған олқылықтарды жоюды қатаң тапсырды. Яғни, он күн ішінде ескірген ойын алаңы, ойылған асфальт, таяз қазылған кәріз құдығы қалыпқа келтіріліп, жертөле, подъездер тазаланып, әктеу, сырлау жұмыстары жасалады. Аталған уа­қыт ішінде барлығы ретке келуі тиіс. Ал, тапсырманың орындалуы әкімнің тікелей бақылауында болады.
Өз кезегінде қала әкімі Н.Машбекұлы тұрғындарға салынған нысандарды күтіп ұстауға, тазалық сақтауға мән беріп, күтіп ұстау керектігін атап өтті.

Спорт алаңы – салауатты өмір салты үшін
Қаланың Ғ.Мұратбаев көшесі бойында салынған спорттық жаттығу алаңы да әкім назарынан тыс қалмады. Арнайы барып, біткен істі бағамдаған қала басшысы құрылыс жұмысына көңіл толатындығын жеткізді. Бүгінде бұл жерде стритбол алаңы салынып, спорттық жаттығуларға арналған арнайы құралдар жабдықталған. Спорт кешені жанынан салынған алаң сол маңдағы тұрғындар үшін таптырмас дүние болмақ. Аумағы үлкен алаңның жан-жағын алдағы уақытта жасыл желекке айналдыру да жоспарда бар. Мұны спорт кешені мамандары өз жауапкершілігіне алып отыр. Ал, алаңды салған мердігер мекеме басшысы өз қаражаты есебінен қажетті аумағына тас төсеп беруге уәде етті. Айтпақшы, бұл алаңда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да жаттығуына жағдай жасалған.
Дәл осындай жоба Бұқарбай батыр көшесі мен Тасбөгет кентінде де жүзеге асады. Бүгінде кенттегі стритбол алаңына тас төселіп, қажетті спорт жабдықтарына тапсырыс берілсе, Бұқарбай көшесі №113 аумағындағы алаңның құрылысы басталған.

Сапаға жұмыс істеген алғысқа бөленеді
Іргетасы Кеңес заманында қаланған Ж.Махамбетов атындағы №43 мектебі де «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасымен күрделі жөндеу көруде. Білім ордасында 1505 бала тәлім алады. Тиісті жөндеу көрмегеніне 33 жыл болған білім ордасының қалыпқа келтіретін тұсы көп. Сондықтан биыл күрделі жөндеуден өтетін мектептер тізіміне ілікті. Құрылысты «ДаренСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекеме білім ошағының есік, терезесін, еденін ауыстырып, сыртын әрлеу жұмыстарын жүргізеді. Осы ретте қала әкімі Н.Нәлібаев мекеме басшысына білім ұясының құрылысы сапалы шығуы керектігін баса айтты.
– Әсіресе, есік, терезелердің сапалы болуы маңызды. Өңірдің ауа-райы белгілі. Сондықтан қыста жел улеп, жабылмай қалу деген болмасын. Ертеңгі күні оқушылардың, ата-ананың алғысына бөленесіздер. Елге қызмет еткеннің еңбегі жанады. Құрылысты белгіленген уақытқа дейін толық аяқтаңыздар. Оқу онлайн өтсе де, мектеп білім күніне дейін дайын болуы тиіс, – деді ол.
Ал, мектеп басшысына күнделікті келіп, істің басы-қасында болуды тапсырған қала басшысы өз кезегінде мекеме директорынан қажет болған жағдайда жобадан тыс жұмыстарды да бітіріп беруді жүктеді.
Айта кетейік, биыл қалалық білім бөліміне қарасты 4 мектепке осындай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жылу маусымына дайындық
Бағдарлама аясында жылу жүйелері де күрделі жөндеуден өтеді. Жиырма жылдан бері жұмыс істеген жылу желілері биыл заманауи талапқа сай жаңа құбырлармен жабдықталады. Жоспар бойынша 12 шақырым жөнделеді. Оның 5 шақырымы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің өз қаражаты есебінен болса, қалғаны бағдарлама бойынша жүзеге асады.
Жалпы ұзындығы 186 шақырымды құрайтын жылу жүйесінің қазір 60 проценті толық жаңартылған. Жұмыс барысында шаһар басшысы М.Шоқай көшесі мен Ә.Бөкейхан көшесі бойындағы жылу магистралінің құрылысымен танысты. Бұл ретте де бастысы сапаға мән беру екендігін тілге тиек етті. Сонымен бірге мекеме басшысына жұмысты уақытында аяқтауды, білім ордасы орналасқан аумақта ешқандай кедергі болмау керектігін ескертті.

Айдана СЕЙІЛ
25 шілде 2020 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам