Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әкім айтпаса, білмейді ме?

Әкім айтпаса, білмейді ме?


Өткен аптада қала әкімінің қаламызда салынып жатқан жол, құрылыс нысандарын аралап, іс барысын көзбен көріп, нәтижесінде кемшілікті анықтап, сапасыз жұмысты тоқтатқанын қалам ұстаған қауым жарыса жазды.
Биыл қаламызда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 200-ден астам көшеге жөндеу жұмысы, 68 көшеге жаяу жүргінші жолы және 30 ойын алаңы, 70 аялдама салынбақ. Сондай-ақ, «Тағзым» алаңы мен теміржолшылар саябағы қайта жаңғыртылса, 4 мектеп, 2 балабақша, 3 мәдени нысан күрделі жөндеуден өтпек. Тағы бір атап айтарлығы, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп салынбақ. Бүгінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл жаңалық талай тұрғынды қуантқаны рас. Қыс-көктем айларында иленген батпақтан аяқ алып жүре алмайтын қала көшелерінің мәселесі биыл біршама шешімін табатыны қалалықтар үшін жағымды жаңалық.
Өткен аптада жол сапасын көзбен көрген шаһар басшысы Н.Нәлібаев қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Нысанбаев көшесіндегі жол салу жұмысының талапқа сай еместігін ескертті. Бір сөзбен айтқанда, асфальт қалыңдығы стандартқа сай емес, жұқа. Сонымен қатар қаладағы М.Исаев көшесіндегі жаяу жүргінші жолының сапасыздығын көзбен көріп, тендер ұтып алған мердігердің сапасыз жұмысын тоқтатты. Қала әкімінің «Маған көзбояушылық қажет емес. Сапалы жұмыс қажет» деген сөзі БАҚ өкілдері арқылы халыққа жетіп, сапаны талап еткен әкім талабына ел риза болып қалды. Сонымен қатар, көп көкейінде бір сұрақ қалды: сонда жол құрылысын әкім келіп тексермейінше, сапасыз жұмыс жалғаса береді ме? Тендер ұтып алған мердігердің жауапкершілігі қайда? Ауылдың жайын бес саусағындай білетін ауыл әкімі қайда қарап жүр? Қаланың коммуналдық саласы мен ифрақұрылымына жауап беретін әкім орынбасары мен бөлім басшысы мұны неге білмейді? Қаланың мың сан шаруасынан кейде мойын бұруға уақыт болмайтын шаһар басшысы сол мезетте келіп көрмесе сапасыз жұмыс жалғаса берер ме еді? Сонда әкім тексермесе, әкім айтпаса....
Қайсыбір салада болмасын, әкім айтпаса еленбей қалып жатқан мәселелер бар. Содан да елдің болмашыны әкім қабылдауына келіп айтуға мәжбүр.
P.S. Қала әкімінің өкімімен бағдарлама аясында биылғы жылы салынып жатқан құрылыс сапасын бақылау үшін арнайы жұмысшы тобы құрылды. Бағдарлама аясында жүзеге асатын ауқымды жұмыс барысын жариялау мақсатында арнайы «Халықтық бақылау» айдарын ашқанды жөн көрдік. Өз ауылыңыздағы, көшеңіздегі құрылыс жұмысына көңіл толмаса азаматтық белсенділік танытып редакцияға қоңырау шалуыңызға болады. Себебі, қалада атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімі айтқандай, көзбояушылық болмауы керек.
Г.ДІЛДӘБЕКОВА
02 маусым 2020 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 089 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам