Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сын сағатта сағымыз сынбасын

Сын сағатта сағымыз сынбасын

Әлемдік пандемия індеті ел көлемінде елеулі экономикалық, әлеуметтік қиындық әкелгені белгілі. Дегенмен, қазақ елі біріге отырып, бұл індетті жеңетіні анық. Карантин шаралары қауіпті індеттің кеңінен тарауына септігін тигізері сөзсіз. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин уақытын тағы да екі аптаға ұзартуды тапсырды. Мемлекет басшысы уақыт ұттырмай оңтайлы шешім қабылдады. Бұл қиын-қыстау кезеңде ұлт денсаулығы үшін жасалған шешім екені анық. Ардагер дәрігер ретінде Президент шешіміне құлақ асуға және қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырамын.
Ел басына күн туған қазіргі сәтте қабырғамызды қайыстырмай алға жылжу керек. Ең бастысы сын сағатта сағымыз сынбасын. Әр таңымызды жақсылықпен бастау үшін денсаулықты күткен жөн. Жақын жандарға жанашыр болып, қиындықты бірге еңсерейік. Бұл індетті қазақ елі бірліктің, ынтымақтың нәтижесінде жеңіп шығады деп сенемін. 
Кенжегүл ҚҰЛЫМБЕТОВА,
ардагер дәрігер
29 шілде 2020 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам