Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Отбасылық сот

Отбасы өзгермейтін құндылық. Десек те сенімге селкеу түсіретін жанұялық жанжалдар азаяр емес. Сондықтан шаңырақтағы шиеленісті ретті шешу мақсатында қызылорда қалалық соты «Отбасылық сот» пилоттық жобасын қолға алған болатын. Аталмыш жобаны  нәтижелі жүзеге асыру үшін бірқатар құзырлы орган өкілдері меморандумға отырды. Яғни, облыстық кәмілетке толмаған істер жөніндегі мамандандырылған әкімшілік, ауданаралық соттың төрағалары, білім бөлімі, ішкі істер органдарының өкілдері мен медиация  орталықтарының жетекшілері жобаны бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты. Елімізде 100 ден астам судья «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жұмылдыруда.
Отбасылық сот дегеніміз не? Бұл жобаның ерекшелігі істі қарастыру барысында психологтың қатысуы және судьяның мамандануы. Басты жобаның мақсаты- ажырасуды болдырмау, адамдар арасындағы түініспеушілік мәселесінің түйінін шешіп, артынан бәлкім бәрін жаңадан бастауға ықпал ету. Не ажырасқан күннің өзінде итпен мысықтай болмай, баланы ерлі зайыпты ретінде емес сабырлы баланың психологиясына зақым келмейтіндей әке шеше қалпында тәрбиелеу. Балаға талас мәселесіде ата-ананың бірі балаға екінші тараппен араласуға тыйым салғанда не сотқа баланы нақты қаншада алып кетіп, қаншада әкелу керегін шешетіндей жағдай болады. Ал ондай жағдайда бала қалай сезінеді? Ондай жағдайлар көп. Бұл жерде ата ана баланың қызығушылығымен санасудың орнына менмендігі басым болады.
Отбасылық сот екі жақтың татуласуын белгілейді. Ол үшін ерлі зайыптыларға  ажырасу сотында 6 айға дейін уақыт беріледі. «Психологтардың сөзінше некеде адамдардың бір біріне ашулы болудың себептеріне бірнеше факторлар бар. Бірақ  олар бір біріне көңілі әлі суымаған тек эмоцияға ерік береді. Егер сол эмоцияны әр қайсы жеңіп ішкі сезімдерімен күресе білсе сабырлыққа шақыртып татуласып кетуі әбден мүмкін»,- дейді судья.
Отбасылық сот жобасы іске асқанда жұбайлар психологтың көмегіне жүгінуден бас тартқан, себебі оны психиатрмен шатастырған. Жоба  басталғалы бері жұптардың 44 пайызы қайттан бас қосқан. Бұған дейін 2017-2018 жылдары қарастырған істердің тек 26 пайзы қайтадан татуласқан, қалғаны ажырасып кеткен. Жоғарғы сот 2018 жылдың қыркүйегінде Отбасылық сот жүйесін іске қосқан.
Раушан Жиенбаева,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
жетекші маманы
15 шілде 2020 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам