Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирус: сән әлеміндегі жаңа тренд

Коронавирус: сән әлеміндегі жаңа тренд

              Дәл қазір ғаламтор желісін ашып жіберіп «бетперде» деп тере бастасаңыз, бас-аяғы 2-3 секундта ол туралы миллион ақпаратты көз алдыңызға жайып салады. Әсіресе, түрлі дизайнерлік үлгімен тігілген оның сан алуандығынан көз сүрінеді. Оюмен өрнектеліп, әшекей тастармен көмкерілген керек дейсіз бе, қызыл-жасылды дейсіз бе неше атасы самсап тұр. Тіпті, той көйлегімен үйлестіріліп тігілген бетперделі қалыңдық образдары да ең көп қаралым жинаған көрсетілім қатарының көш басына жайғасыпты. Ал, биыл бір түсте әзірленген гүлді бетперделі жаздық көйлектер сәнге айналыпты. Қыз-келіншектер бұрын орамал-таңғышымен үйлесімді тігілген көйлектер топтамаларына көп қызығушылық білдірсе, қазір бетперделі көйлек, белдемше, жейделерге сұраныс айтарлықтай артқан. Дәлірек айтсақ, биыл осы үлгідегі киімдер сәнге айналуда. Бір қызығы,  Франция астанасы – Парижде өткен сән апталығында сәнбикелер подиумға қорғаныш бетперделерін киіп шығыпты. Онда атақты дизайнер түрлі костюмдерден бөлек, модельдерге респиратор-бетперделерді кигізген. Ол осы арқылы киім үлгілерінің стилін ерекшелей түскен. Демек, жаһанды жаулаған вирус сән әлеміне де әсер етпей қоймады деген сөз. Олар дүние жүзінде сан түрлі матадан, бағалы аң терісі мен былғарыдан жасалып, алуан әшекей бұйымдармен безендіріліп сатылуда. Осылайша әуелде вирустан сақтануға арналған бетперденің функциясы біршама ауытқып, биылғы жылдың үздік дизайнерлік трендінің төрінен бір-ақ шықты.
          Сән әлеміндегі мұндай жаңалықтың толқыны Сыр қолөнершілерінің де жаңа шығармашылық идеяларының туындауына ықпал етті. Дегенмен, біздің ісмерлер қаншалықты оның әсемдігі мен ыңғайлылығына көңіл бөлгенімен, оның сапасы мен қорғаныштық қасиетінің жоғары болуына соншалықты ерекше ден қоятынын айтады. 
      – Кейбiреулер «Мен вируспен ауырып емделдім. Қажетті ем-дом алып, сауықтым. Ендi менде коронавирусқа антитела бар. Маған вирус жұқпайды. Бетперде тақпасам да болады» деген сияқты қате пікір айтып жүр. Мұндай көзқарастағы жандар өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. Біз елімізде төтенше жағдай енгізілген кезеңнен бастап бетперде тігуді қолға алдық. Бірақ, қашанда сапалы өнімді алға қоятын мен үшін тігіліп жатқан дүниенің санитарлық талапқа сай, тағуға өте ыңғайлы, балаларға да арналған сан алуан түрлерін дайындап шығардық. Қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін сол мекеменің жеке логотиптері өрнектелген бетперделер дайындап беруге тапсырыс беретін кәсіп нысандары да жетерлік. Бастысы,  бұл сәндік үшін емес, сақтық үшін екенін ұмытпауымыз керек. Біздегі барлық бетперделер медициналық технологиямен тігіледі. Көп ретті қолданысқа лайықталған, үш қатпарлы, ортасында арнайы медициналық мельтблаун бар. Яғни, сыртқы бейнесі өзгергенімен, оның қорғаныштық қасиеті талапқа сай. Соңғы кезде қыз-келіншектерге арналған түрлі гүлді, тіпті түстес бантиктері бар бетперделер де әзірлеудеміз. Бұл халқымыздың орамалды келіншектерінің образын аша түсумен қатар, тұрғындарды жаппай маска тағуға үндеу болып табылады. Сондықтан, халыққа қызмет жасап, көпшілік ортада жүрген жандардың қауіпсіздігін сақтауына бірден-бір себепкер болғанымызға қуанамыз, – дейді.


    «Бүгінде жоғарыда аталғандай «креативті» бетперделерге өңірдегі «Aqualine», «Атлант» клиникасы, «24 хабар», «Buffet city» сынды көптеген ұжым тапсырыс беріп үлгерген. Бір қызығы, осындай сәнді әрі сенімді қорғаныш маскілеріне қызығушылық танытып, бетперде киюді әдетке айналдырғандар қатары көбейген. Осылайша бұрын алда-жалда тұмауратып сырқаттанып қалсақ ғана достасатын қорғаныш бетпердесі бүгінде құлағымыздан түспейтін нағыз қажетті дүниемізге айналды. Ал, оның бүгінгі таңда түрлі өзгеріске ұшырып сән әлеміндегі ерекше стилге айналуы халықтың, әсіресе, жастар қауымының маска тағу талабын бұлжытпай орындап, қауіпсіздікті сақтауына таптырмас жол болып отыр. Екінші жағынан, тек бір реттік қолданыстағы медициналық маскаларға қарағанда жоғарыда аталып өткен бетперделер әлдеқайда қаражат жағынан тиімдісі болса, үшінші жағынан өңірдің экологиялық тазалығына да өз септігін тигізіп отыр. Олай деуімізге қолда­ныл­ған медициналық маскалар өртеп жібермесе, 100 жылға дейін шірімейтіндігін айтып дабыл қаққан мамандар сөзі түрткі болып отыр. Байқап қарасақ, әрі одан келетін зиян да ұшан-теңіз екен. Расында, облыс орталығында төтенше жағдай енгізіліп, карантиндік шектеулер күшейтілген күннен бастап қала көшелерінде желмен ұйтқып ұшқан маскалар аяққа оратылып кеткенін жасырмаймыз. Бұрыш-бұрышқа ұшып, берекетті алған қоқыстарды тазалық мекемесінің қызметкерлері қолмен теріп әбігерге түсті. Демек, біздің ісмер мамандар қолға алып жатқандай көп ретті маскаларды жуып, үтіктеп қайта қолданған әлдеқайда тиімдірек. Әрі сәнді, әрі сенімді қорғаныс.
төлемек. Елде осындай жаңа тәртіп күшіне енді. Әділет министрлігінің мәліметінше, дүкенге немесе дәріханаға бетпердесіз кірген азаматтар енді тиісті жауапкершілікке тартылады. Сақтанғанды Құдай сақтайды.
           Ендеше, бетперде киіп, тажалды індеттің жолын кесеріміз анық. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» демекші сұрапыл соғыстан бетер күн өткен сайын қатарымызды сиретіп бара жатқан қарусыз майданда тізгіннен айырылып, тізерлеп қалмау үшін, тізе қосып күрескен абзал. Талапқа бағынып, тәртіпке бас иейік!
Бағлан Тілеубергенова.





 

31 шілде 2020 ж. 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам