«Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Ағымдағы жылдың тамыз айының 5-8 күндері аралығында Қызылорда облысы бойынша «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы -73 дерегі, оның ішінде, мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 437 бап) – 4,заңсыз қайта жабдықтаудың (590.7-бап)- 1, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (590.9 бап) - 9, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың (593 бап) – 19,маневр жасау қағидасын бұзу (595 бап)-6, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту (599 бап)-1, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу (600 бап)-1, авариялық жағдау туғызу (606 бап)-1, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың (612.1 бабы)– 17, мас күйінде мотокөлік басқарудық (608 бап)- 2 деректері анықталып, 16 мотокөлік айып алаңына қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі