Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гүл өсіру де өнер

Гүл өсіру де өнер

      Қала орталығында орналасқан Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебі гүл өсіруден көш бастап тұр. Әдемілік пен тазалыққа жаны құмар білім бағбандары мұндағы әрбір түп гүлге шәкіртіне қарағандай ерекше жанашырлық танытады. Сан алуан бөлме гүлдерімен мектеп шырайын еселей түскен ұжым оқу-ғылыммен қатар, көркейту-көгалдандыру шараларын да назардан тыс қалдырмайтынын аңғартып отыр.

Екінің бірі еге алады, бірақ бағбан бола алмайды
Мектеп табалдырығын аттағаннан жап-жасыл гүл дестелері көзге бірден түседі. Акт зал, оқу кабинеттері, мектеп дәлізі, әсіресе мектеп директоры Айгүл Мұсабаеваның жұмыс кабинеті, сан алуан бөлме гүлдерімен көмкеріліп тұр. Білім ордасы басшысының айтуынша, жыл он екі ай осы сұлулықты сақтап тұруға ұжым болып атсалысатын көрінеді.
– Гүл – тазалықтың, әдеміліктің белгісі ғой. Көңіл күйге де оң ықпал етеді. Оларды күтіп-баптауды бір адам­ға жүктеп қойған емеспіз. Бәріміз де ауызбірлікпен санаспай, қажет кезінде су құйып, шаңын сүрте береміз. Әріптес­терімнің табиғатқа деген осын­дай жанашырлығы қуантады. Оқу­шылар да оларға байыппен қарап, құлатып не бүлдіріп кетпейді. Осыған қарап балаларды тек білімге ғана емес, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке де баулып жатырмыз деп ойлаймын. Гүлді жақсы көреміз. Үйде де гүл өсіруді әдетке айналдырғанмын. Оған жай ғана өсімдік деп емес, балаға қарағандай жақсы күтім керек. Екінің бірі еге алуы мүмкін, бірақ бәрі бірдей бағбан бола алмайды. Қалай баптасаң, сондай нәтиже көресің. Тура шәкірттерім сияқты, – дейді мектеп директоры.
Айгүл Нажмадинқызының айтуын­ша, балалардың таза жерде білім алуы үшін оқу кабинеттері де гүлмен көмкерілген. Тек үш ай демалыста қараусыз қалмасын деген ниетпен мұғалімдер оларды уақытша өз үйле­рінде күтім жасауға әкетіпті. Сол себепті бізге ондағы әсемдікті тамашалау мүмкін болмады. Ал, мектеп ұжымы алдағы уақытта бөлме гүлдерінің санын бұдан да бірнеше арттыруды көздеп отырғанын айтады.
Ерікті оқушылар қоғам пайдасын көздейді
Бүгінге дейін талай мықты шәкірт тәрбиелеп, жаңашылдықтың көш ба­сында келе жатқан мектеп ұжымы қашанда тың жобалардың да басы-қасында жүреді. Әрдайым ұстаз бен оқушының жан-жақтылығын дамы­ту, қамқорлыққа үндеу, сүйікті ісі­мен айналысуға мүмкіндік жасап, қоғам игілігі үшін қызмет етуді мақ­сат етеді. Мәселен, Мемлекет бас­шысының 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты аталмыш мектеп алғаш болып, ерікті оқушылардың құрамын бекітті. Ерік­тілікті дамытудың 7 бағытын басым­дыққа ала отырып, оқушылардың 10 ерікті тобы құрылды. Олардың құра­мына әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен өсіп-жетілу жағынан өтпелі кезеңде жүрген оқушылар тартылған. Ондағы мақсат жазғы демалысты тиімді өткізу, сондай-ақ жасөспірімдердің бұзақылық жасауына жол бермеу, оларды пайдалы іске бағыттау болып отыр. «Ұшқыр ой», «Туған өлкем», «Кітап құрттары», «Қамқор бол», «Қанатты достар», «Жасыл орта», «Біз біргеміз», «Жас медиа», «Сабақтастық», «Ой жүйрік» деп аталатын әр топтың өз жұмыс жос­пары бар. Мәселен, «Ұшқыр ой» ерік­тілер тобы түрлі тақырыпта дебат және зияткерлік ойындарын өткізсе, «Қамқор бол» құрамындағылар қарттар үйіне мерекелік бағдарлама ұсынып, мөлтек аудандағы қарт кісілердің ауласын, үй-жайын тазалауға қол ұшын созды. Ал, «Жас медиа» еріктілер тобы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай қала тұрғындарымен бірге Абай өлеңдерін бірге жатқа айтып, видео­роликтер түсірді. Мұның өзі бала­ларды кішкентайынан ізденіске, мейі­­рімділікке, алғырлыққа баулып, ай­на­лаға ойлы көзбен қарап өсуіне ықпал етері сөзсіз.
Бала жанының бағбанына айналып, үнемі шәкірт жүрегіне нұр құюда тың сара жолмен келе жатқан мектеп ұжымынан әр барған сайын жаңа леп, соны серпін байқайсың. Тек саналы ұрпақ тәрбиелеп ғана қоймай, үнемі елеулі өзгеріс пен байыпты бастаманың ордасы іспеттес білім ұясының ұстаз­дары да жан-жақтылық қағидатын берік ұс­танған. Мектепте олардың барлығы да ілім-білімнің бағдаршамы болса, үйінде бірі – қолөнерші, бірі – кәсіпкер, бірі – бағбан, бірі – кеудесіне медаль таққан көп балалы ана. Ал, осындай бесаспап ұстаздан тәлім алған шәкірттің осал болуы әсте мүмкін емес.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
08 тамыз 2020 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам