«Балалар қысқы демалыста» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады
Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу, заңмен тиым салынған уақыттан кейін қоғамдық орындар мен көшеде, ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін кәмелетке толмағандарға тиісті шаралар қолдану мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айының 6-9 күндері аралығында «Балалар қысқы демалыста» профилактикалық шарасы өткізілді.
Сондай-ақ, шара барысында кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін ересек адамдарды анықтап, полиция органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларын тұрғылықты мекен-жайларынан тексерілді.
Басқарманың ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерімен рейд жүргізу барысында мүлдем төзбеушілік қағидасы бойынша барлығы 57- әкімшілік құқық бұзушылық және қаңғыбастыққа салынып бей-берекет жүрген 7-жасөспірім Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы /кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру/- 9 тұлғага әкімшілік хаттама рәсімделіп жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап 1-бөлігі /кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын айдан тыс жерде болу/ - 12 , ҚР ӘҚБтК-нің 442-бап 2-бөлігі /кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз/ - 34 , ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы /ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамау/-2 азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделіп тиісті шара көрілді.
Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі