«Қауіпсіз мектеп» жедел алдын алу шарасы басталды
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында облыстық Полиция департаменті, Қызылорда қалалық полиция Басқармасы мүдделі органдармен бірлесіп, 2020 жылдың 11-15 наурыз аралығында «Қауіпсіз мектеп» жедел-алдын алу іс- шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жыныстық тиіспеушілігіне қолсұғушылық, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамайтын ата-аналарды және кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық кешендеріне заңды өкілісіз кіруіне жол беретін тұлғаларды, сонымен қатар кәмелетке толмағандармен және олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, полиция органдарына тізімдік, профилактикалық есепке алу жұмыстарын жандандыруды және білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қорқытып алу, бұзақылық, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі