Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала әкімі спортшыларды қабылдады

Қала әкімі спортшыларды қабылдады

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Спортшылардың кәсіби мерекесіне орай қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Н.Нәлібаев сала ардагерлері мен жаттықтырушыларды, жас спортшыларды қабылдады. Жиында қала әкімі байрақты бәсекелерден олжалы оралып жүрген саңлақтарды мерекемен құттықтады.
– Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа бағалаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз халқымыздың ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Бұқаралық спортты дамыту және онымен шұғылданушылар үшін қала мен ауылдық округтерде  дене шынықтыру алаңдарын салуға қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Тәуелсіздік жылдары қала спортшылары республикалық, халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды асқақтатып келеді. Бұл спорт саласының ардагерлері, сіздердің де еткен есіл еңбектеріңіздің және төккен маңдай терлеріңіздің жемісі деп білемін, – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
Еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранымызды асқақтататын бірден-бір жарыс – спорт екендігі белгілі. Қызылорданың намысын қорғап, бірқатар облыс­тық және республикалық, тіпті халықаралық айтулы жарыстарда туымызды желбіретіп жүрген спорт­шыларымыз жетерлік.
Шара барысында бірқатар спортшы марапат­талды. Оның ішінде 78 жастағы спорт саласының ардагері Алтынбек Жаңабеков те бар. Өмірінің елу жылын спортқа арнаған ардагерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар «Қайсар» қыздар командасының аға жаттықтырушысы, «Сейхун» қол добы клубының президенті Вячеслав Ким, 2017 жылы Дубай қаласында өткен Әлем кубогінің күміс жүлдегері Кабира Асқарова, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының директоры Жамал Бозова, екі дүркін Азия ойындарының жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Салимов, 2018 жылы Буэнос-Айрес қаласында өткен Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда тұңғыш рет байдарка және каноэ есуден алтын медаль алған Диас Бахраддин және 2020 жылы Баурайда каратэ-додан өткен алықаралық турнирдің III орын иегері Айбар Ғалымжан қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жарасхан Қуанышбайұлы
15 тамыз 2020 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам