Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаяу жүргінші жолы

Жаяу жүргінші жолы


Көшелі елге айналғанымыз көшемізден танылуы тиіс. Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда. Осының барлығы ел игілігі жолында жасалып жатқан жұмыстар. Қызу тірлік қайнап жатқан қалада көлік те, жаяу жүргінші де көп. Барлығын бір реттілікке келтіретін әрине жоспарлы жоба.

САЛЫНҒАН ЖОЛДАР САПАЛЫ ЖАСАЛҒАН
Қалада жаяу жүргінші жолдарын жасап жатқанның бірі Сардар Азмаханов басшылық жасайтын «Инженерние изискания» ЖК меке¬месі. Мұнда барлығы жиырма жұмысшы істейді. Олар жұмыссыздық есебінен алынған жергілікті азаматтар.
– Қазір жұмыстың бел ортасына келдік. Өткен маусым айынан бастау алған тас төсеу жұмысы толығымен аяқталып отыр. Осы айдың аяғында бітіреміз деген жоспарымыз бар. 5 техника тұрақты жұмыс жасап тұр. Жұмысшылардың жалақысы уақытылы тө¬ленеді. 3,600 шақырым жаяу жүргінші жолы салынады деп күтілуде. Брусчатка, бордюр келісім шарт негізінде сатып алынады. Сапасы төзімді, сертификатталған, жарамдылық мерзімі жоғары. Біздің өңірдің климатына сәйкестеліп жасалған. Халықтық бақылау тобы келіп ұдайы тексеріп тұрады. Ол да өз кезегінде жұмыстың жауапкершілігін арттырады. Салынған жолдар сапалы жасалуда, – дейді мекеме бригадирі Нартай Әбдірауықов.

68 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛЫ САЛЫНАДЫ
Сала мамандарының айтуынша, жыл соңына дейін басты назар аударып отырған қаладағы шет аймақтар мен ауылдық округтерге 260 жол салынады. Оның 210-на орташа және күрделі жөндеу жүргізіліп, асфальт төселеді. Оның ішінде 103,4 шақырымды құрайтын 147 көше қалаішілік жолдар болса, қалған 63 көше қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің еншісінде. Сонымен бірге, ұзындығы 171,8 шақырым болатын 50 көшеге қиыршық тас төселеді. Сондай-ақ 68 көшеге 109 шақырым жаяу жүргінші жолы, 70 аялдама салынуда. Қала аумағындағы көппәтерлі үйлердің аулаларына 30 ойын алаңының және қала аумағынан 3 жерге спорттық-жаттығу алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 60 ойын алаңы қайта жаңғыртылуда.

Тілші түйіні
Халқымызда «Сырт көз сыншы» деген сөз бар. Бақылаған кісіге жол жайы әбден жатық. Ойдым-ойдым көше шаһар шырайын бұзып ғана қоймай, оқыс оқиғаға да ұрындырады. Ал, қазіргі қаракет сол кемтікті толтырып тұр.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ
15 тамыз 2020 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам