Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көшелі елдің көшесі қандай?

Көшелі елдің көшесі қандай?

Қала – облыстың жүрегі. Ол аудандарға өнеге болуы керек. Сондықтан қаланың тазалығынан бөлек экономикалық әлеуметтік ахуалы әлеуетті болуы міндет. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізері анық. Бүгінде облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін басты назар аударып отырған қаладағы шет аймақтар мен ауылдық округтерге барлығы 260 көше құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Оның 210-ы орташа жөндеу, яғни асфальт салынса, 50 көшеге қиыршық тас төселеді. Сонымен қатар, 68 жаяу жүргінші жолы да жөндеу көреді. Мұның барлығы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде атқарылатын болады. Игі істердің игілігін халық көреді. Қарқын алған құрылыс жұмыстарының арқасында жобаның жақсылығын жергілікті тұрғындар сезінеді. Бұйырса тақтайдай тегіс жолмен жүретін күніміз де жақын. Көшелі елге айналғанымыз, көшемізден танылуы керек.
Сәрсенбі күні қала әкімдігінің мәжіліс залында «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында мердігер мекемелермен өткен еркін форматтағы кездесуде қала әкімі Н.Нәлібаев осылай деді.
Естеріңізде болса, шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы осыған дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты жауапты мекемелерге сын-ескертпелер айтқан болатын. Онда алдағы уақытта аталған жұмыстарға байланысты олқылықтың орын алмауын, құрылыс мердігерлеріне жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне халықтық бақылау болатынын баса айтқан еді. Ендігі кезекте ескерту ескеріліп, жұмыс нәтижелі болуы шарт.
Кездесуде мердігерлер мен қоғам белсенділері ашық пікір білдіріп, келелі ойларын кеңесте талқылады. Жобаның сапалы шығуын қала әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы топ қадағалайды. Арнайы топ құрамында «Нұр Отан» партиясы мен мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері және қала тұрғындары да болады. Олар әрбір жобаны түгел қадағалап, атқарылған істен сапаны талап етеді.
Кездесу қорытындысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев: – Сапа сыннан жоғары болу керек. Қазір жасаған жол ұзақ жылдар елге қызмет етуі керек. «Қала – біздің ортақ үйіміз!» Ортақ үйіміздің көркеюі үшін аянбай еңбек етулеріңіз қажет. Жұмыстың мақсаты мен маңыздысы – халықтың көңілінен шығып, сапалы орындалуы. Мемлекет қазынасынан бөлінген әр тиынның сұрауы бар. Сондай-ақ бағдарлама негізі қала тұрғындарын жұмысқа орналасуына қолдау көрсету болып табылады. Сол себепті бірінші кезекте қала азаматтарын жұмыспен қамтуларыңыз керек. Жұмысшылардың 50 проценті жұмыспен қамту орталығында тіркелген азаматтар қатарынан болуы тиіс. Сондықтан, жұмыспен қамту орталығымен күнделікті тығыз байланыс орнатып, қажетті шараларды қабылдаңыздар, – деді.
Иә, жол салған мен мешіт салғанның сауабы мол деген хадис бар. Сырдың жағасында тұғыр тепкен қаланың жарқыраған жолдары болса, қандай жарасымды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
20 маусым 2020 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам