Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

   Қазалы ауданында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тірегім» атты салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, үздіктерді марапаттады. 
«Бұл – бабаларымыздың асқақ рухы алдында, жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн» - деп сөз бастаған аудан басшысы салалар бойынша оң көрсеткіштерді атап өтті. 
Биыл аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2,9 пайызға артты. Аграрлық сектор да дамуда. Жыл басынан бері 9,3 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 135 млн. теңгенің инвестициясы салынды.Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал, егін шаруашылықтары жақсы табыстарға жетті. 
Ауданда құрылыс та қарқынды. Биылдың өзінде 4 млрд.тан астам қаржының құрылыс жұмыстары жүргізілді. 5 мектеп, 1 ауылдық клуб пайдалануға берілсе, 1 спорт кешені, 1 аурухана, 1 мектеп салынуда. Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады. 
Аудан халқының 50 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қол жеткізіп, үздіксіз ауыз су жүйесіне қостық. 
Алдағы жылы 6 млрд. теңгеге жуық қаржыны құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары қаржыландыруға ұсынылды. Ал оң шешімін тапқан «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірі келер жылы іске қосылады. 
Әлеуметтік сала да аса қарқынды дамуда. Апатты мектептер мәселесі толық шешілді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға орындалды. 
Тұрғындардың денсаулығын жақсарту да басты назарда. Жақында 150 орындық аурухана пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері шешілуде. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен Ресейден «Ангиограф» медициналық аппараты алынуда.Жаңа аурухана жанынан 250 орындық аудандық емхана салу да жоспарлануда. 
Салтанатты жиын барысында аудан басшысы Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. 
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерсалтанатты түрде ант қабылдап, еліміздің заңын сақтауға, адал еңбек етуге сөз берді. Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен жалғасты.
15 желтоқсан 2017 ж. 1 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам